пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылорда облысында арал өңірі балықшыларының III слеті өтті

30 маусым – 1 шілде аралығында Арал ауданында  ІІІ халықаралық балықшылар слеті өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Марлен Айнабеков, Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың, «Казрыбхоз» қоғамдық бірлестігінің,  қоғам қайраткерлері мен аймақтың балық шаруашылығы саласының ардагерлері, Дания, Ресей елдерінің, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының  өкілдері қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасының бастамасымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөнінде Қазақстан ауқымды шаралар нәтижесінде, Арал өңірінің ата кәсібі - балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біз үшін көрші мемлекеттермен байланыстар жасауға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беруде. Соның айқын дәлелі – бүгінгі слетке қатысып отырған ресейлік кәсіпкерлерімізбен бірігіп салған Ресейдің Ульяновск облысындағы «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауыты. Зауытқа шикізат негізінен Арал теңізінен жеткізіледі. Балықтың сапасы жақсы, нарықтағы сұранысы да жоғары», — деп атап өтті  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша,  бүгінде арал балығы Данияға, Польшаға, Ресейге, Грузияға және Әзербайжанға экспортталады, ал Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға жуық балық ауланады. 

Сондай-ақ слетке «Каттагеттен Арал теңізіне дейін» жобасына қатысушылардың бірі,  «Тірі теңіз» бірлестігінің зерттеуші-ихтиологы Ян Кристиан Грюйер Ларсен қатысты.

«Кезінде, судың тұздануынан Арал теңізінде жалғыз қалған камбала балығын аулауды даниялық Курт Кристенсен бастаған балықшылар үйретіп, «Каттегаттан - Аралға дейін» жобасын жүзеге асырды. Бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде  балықтың 22 түрі қайта пайда болып, балық өндіру көлемі бірнеше есе өсті», — деді Қырымбек Көшербаев.

Слет  барысында балық шаруашылығы саласының ардагерлері мен бірқатар жұмысшылар  ҚР Ауыл  шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімінің медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және  Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, слет аясында  бірақатар  іс-шаралар ұйымдастырылды:  «Қамыстыбас» балық питомнигіне экскурсия, өңірдің балық шаруашылығының тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесі,  Арал бекіре балығын сырғалап суға жіберу, балық аулаудан жарыс, балық өнімдерінен ас әзірлеу және гала-концерт.

Анықтама: Балық шаруашылығы Қызылорда облысы экономикасының ең маңызды салаларының біріне айналуда. Бүгінде сегіз балық өңдеу зауытының үшеуі балық өнімдерін Европаға экспорттауға қажетті Еврокодтарға ие. Тек соңғы 4 жылда аймақта балық өндіру көлемі 65%-ға, ал балық өнімдерінің экспорты -3 есеге өсті.

 

 

 

 

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0