пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтеді

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Алматы облысының мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Осы жайлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар баспасөз конференциясын өткізді.

Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Оған облыс атынан 332 өнерпаз қатысады. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген іс-шаралар атқарылып, тақырыптық кездесулер мен жиындар өткізілген.

 «Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады.  Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр. Алматы облысының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Осындай әлемдік маңызы бар игі істер ел мәртебесін асқақтайтыны сөзсіз. Тек бірлігі мықты елдің, келешегі зор», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0