суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Алматы облысының 50 бүркітшісі ЭКСПО-2017 қонақтарына өнер көрсетеді

Елордадағы Алматы облысының мәдени күндері аясында 14-15 шілде «Қазанат» спорт кешенінде Ұлттық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылып, бүркітшілер сайысы өтеді.

«Қазақстанда 70 бүркітші болса, оның 50-і аталған облыстың тумасы. Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының бүркітшілері ЭКСПО-2017 көрмесіне келген қонақтарды өнерімен таңқалдырмақ», — деді   Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Алматы облысының мәдени күндері Астана қаласында» атты тақырыбында болған баспасөз жиында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы  8-9 шілде аралығында облыстың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетінін хабарлады. 40 кәсіпорын қатысатын көрмеде 4 тонна табиғи-таза өнім қойылады. Шілде айының 11-15 аралығында Алматы облысының өнер ұжымдары мен қолөнер шеберлерінің  өнерін тамашалауға болады.

«Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады.  Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр.  Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Ал жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Облысымыздан тек қана мәдени шараға қатысты 332 өнерпаз қатысатын болады», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0