+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.07.2017 в 20:04

Қызылорда облысында жобалық басқару белсенді енгізілуде

Жобалық басқарудың озық тәжірибесі Ресей Федерациясының Белгород облысынан алынып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Биылдан бастап, Ресей Федерациясының Белгород облысының тәжірибесін қолдана отырып жаңа мемлекеттік басқару моделі ретінде «Жобалық басқаруды» енгізу бойынша белсенді жұмыс бастап кеттік. Осы ретте, біз үздіктер қатарына кіру үшін алдымызға айтарлықтай өр мақсат қойып, «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасын басқару» жобасымен ТМД елдерінің «Проектный Олимп» байқауына қатысуға өтінім ұсындық», — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  облыстық мәслихаттың бірінші жартыжылдықтың қорытындысына арналған сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби түрде басқару бойынша «Жобалық Олимп» халықаралық конкурсы   Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы  талдау орталығында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік сектордағы жобалық басқару құралдарын кеңінен қолдану, экономиканы дамытуда әсері бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялар мен компаниялардың тиімділігін арттыру. Айта кетейік, конкурс барысында нақты жоба немесе бағдарлама емес, мекемелердегі жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика