четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Қызылордада футбол ардагері Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті

16-21 тамыз  аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және  Қызылорда облыстарынан  8 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде Қызылорда қаласы «Қайсар» футбол орталығының командасы көш бастаса, екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Тараз қалаларының командалары иеленді.

«Үздік қақпашы»  - Бексұлтан Жақсылықұлы («Қайсар» ФО)

«Үздік қорғаушы» - Тимур Ілиясов (Тараз қ.)

«Үздік жартылай қорғаушы»  - Нұрдәулет Түзелбек (Шымкент қ.)

«Үздік шабуылшы» - Сержан Батырбек (Қызылорда қ.)

«Үздік ойыншы»  - Дінмұхаммед Рүстемұлы («Қайсар» ФО)

«Үздік ойыншы» номинациясының иегері Д.Рүстемұлына  Ә.Қалымбетовтың жұбайы Дана Абылайқызы өзінің арнайы сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, турнирге қатысқан барлық командаларға «Қайсар» футбол клубының  атынан  «Қайсар» футбол командасы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған доптар сыйға берілді. 

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, медаль, кубоктар табысталса, номинация иегерлері  диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0