среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-5oC
×

Батыс Қазақстан облысында 55 елдімекенге ауыз су құбыры тартылып жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы өзекті мәселенің бірі -тұрғындарды таза ауыз сумен қамту. Бүгінгі таңда өңірдегі 443 елді мекеннің 36 пайызында ғана орталықтандырылған ауыз суы бар, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл мәселе Елбасына,  облысқа жасаған сапары кезінде Премьер-министрге баяндалды. Ал Парламент депутаттары аудан-ауылдарды аралаған кезде өздері куә болды. Міне, осы мәселені шешу бағытында биыл қазынадан Ақ Жайық өңіріне 11 млрд. теңге қаржы бөлінді. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша облысымыздағы 55 елдімекенді сумен қамту бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тек 12 елдімекендегі су құбырын тарту жұмыстары, яғни ауқымды жобалар келер жылы жалғасын таппақшы.

«55 елді мекенге су барғанда орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу облыста 44 пайызға жетпекші. Келесі жылы тағы да 50 ауылға орталықтандырылған ауыз су тартылатын болады. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар осылайша жалғасын табады», — деді Алтай Көлгінов Зеленов ауданының Көшім ауылындағы жаңадан салынған су нысанын іске қосу салтанатында.

Осы ауылдың тұрғыны Валентина Леонтьеваның сөзіне қарағанда, бұрын көшімдіктер тасымал суды пайдаланған. Ал жаңа судың дәмі тіл үйіреді. Су құбыры барлық әлеуметтік нысанға, үйлерге тартылған.

«Су – тіршілік көзі, таза су – денсаулық кепілі екенін белгілі. Үйімізге таза ауыз суы келіп, қуанып жатқан жайымыз бар. Ауылымыз облыс орталығының маңында, Орал-Атырау тас жолының бойында орналасқан. Көгілдір отын да, ауыз су да жеткізілді. Яғни тіршілікке қажет жағдайдың бәрі бар. Президентіміздің тұрғындардың өмір сапасы жақсарту бағытындағы тапсырмасы облысымызда жүйелі түрде орындалып жатқанына қуаныштымыз», —дейді еңбек ардагері Сағитжан Бегенов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0