воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
1oC
×

Оралда көпфункционалды спорт алаңдары салынуда

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Орал қаласында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Олардың арасында жаяу жүргіншілер жолын, аулаларды жөндеу және спорт алаңдарын салу, инфрақұрылымдар тарту мен оларды жөндеу сынды жұмыстар бар.

Биылдан бастап қолға алынған іс-шаралардың бірі - көпфункционалды спорт алаңдарын салу. Тиісті жоба бойынша салынып жатқан бұл жерлерде қыста хоккей, жазда футбол ойнауға болады. Сонымен қатар, спортпен шұғылдануға арналған құрал-жабдықтар қойылады.

-Елбасының саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен Орал қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір жалпы сомасы 733,4 млн. теңгені құрайтын 20 спорт және балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Оның жартысы жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп отыр. Бұлар екі жылдық жоба. Бұйыртса келесі жылы ашылады. Бұл спорт алаңдарының ерекшелігі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанады және оларды үлкен-кіші кез-келген уақытта тегін пайдалана алады. Аталған спорт алаңдары 12 мыңнан астам адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Бұл жерлер бейнекамералармен жабдықталады,-деді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Орал қаласында 386 аула болса, соның 109-на күрделі жөндеу қажет. Биыл қалалық әкімдік жағдайы нашар 20 ауланы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде абаттандыруды қолға алды. Оған жергілікті бюджеттен 507 млн. теңге бөлген. Оралдың орталық көшесі - Достық даңғылының 216, 216/1, 216/2, 218 және Еуразия даңғылының 35/1 үйлері орналасқан аула да күрделі жөндеуге жататындардың қатарына енген еді. Абаттандыру жұмыстарын жүргізген «Айдана» ЖШС-ның директоры Аветик Амерханянның сөзіне қарағанда, бұл жер бұрын жұртта қалғандай кейіпте болған. Аталмыш үйлердің салынғанына 60 жылдан астам уақыт өтіпті, содан бері аула абаттандырылмаған. Аула аумағында шұңқырдың көптігі, жердің біраз бөлігі кедір-бұдырланып, шоқалақтануы, шаң, балшық болып жатуы тұрғындарға қиындық тудырып келді. Қазір осы олқылықтың бәрі жойылды, жүргіншілер жолы, көлік тұрағы кеңейтілді, қос қабатты асфальт төселді, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер қойылды. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған осындай жүйелі істерді көріп, сүйсінген көпшіліктің орталық және жергілікті атқарушы билікке айтар алғыстары зор.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0