суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Бөкейліктердің 77% орталықтандырылған таза сумен қамтылды

Былтыр облыс әкімі Алтай Көлгінов Бөкей ордасына барған сапарында ауыл тұрғындары, соның ішінде бұрынғы ферма, қазіргі елді мекенде тұратындар ауыз су мәселесін көтерген еді.

Суға зар болған бөкейліктердің айтуынша, қолы жеткендер көлікпен, оған шамасы жетпейтіндер бөшкемен тасып су ішуде. «Ауыл ақсақалы «технология дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп отырып, бұлай күнкөруіміз қалай?» деп сұрақ қойғанда өзім де бей-жай күйге түскенім рас,-деді Алтай Сейдірұлы.-Тұрмыс тауқыметін тартып, мұңын шаққан жандарға бұл мәселе келер жылдан шешіле бастайтынын жеткіздім. Себебі, осынау жайды Елбасының қабылдауында болған кезде айттым, Үкімет басшысының облысқа сапарында баяндадым. Парламент депуттарының өңірге сапары кезінде, оларды алып барып көрсеттік. Міне, соның нәтижесінде 2017 жылы республикалық бюджеттен облысымыздың аудан-ауылдарына су құбырын тарту үшін 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. «Нұрлы жол» мен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 52 елді мекенге биыл су тартылатын болады. Оның ішінде Бөкей ордасының ауылдары да бар».

Әкім айтқандай болды. Таяуда, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықтағы аталмыш ауданның Бисен ауылдық округінің Көктерек, Жетібай елді мекендері тұрғындарының үйлеріне орталықтандырылған ауыз су келеді. Бөріктерін аспанға ата қуанған көктеректіктер мен жетібайлықтар облыс, аудан басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

Өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша тартылған ауыз су құбырының ұзындығы 20,5 шақырымды құрайды. Жалпы құны 184 млн. 645 мың теңгені құрайтын жобаны «Жетібай» ЖШС-і жеті айда аяқтап шықты.

Көктерек елді мекенінде өткен осы нысандарындың ашылу салтанатында Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов Елбасының жергілікті атқарушы биліктің алдына қойған негізгі тапсырмаларының бірі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту екенін айтып, Үкіметтің, облыс басшылығының қолдауымен ауданда бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатқанын жеткізді.

Бисен ауылдық округінің әкімі Қайырсапа Саматовтың сөзіне қарағанда, қазір Көктеректегі 79 үйге, Жетібайдағы барлық 47 үйге су жіберілді.

«Ауылдарымыздың аумағындағы қыстақтардың жерасты сулары тартылып бара жатыр. Сол себепті екі елді мекен төңірегіндегі малшылар да таза суға зәру. Олар осы елді мекендерге келіп, су таситын көлікпен алайын десе су тарату нысанында арнайы шүмек (гусак) орнатылмаған. Аудан-ауыл басшылығы бұл мәселенің ескерусіз қалмайтындығын жеткізді»,— деді ауыл әкімі Бисен Ижанов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Бөкей ордасы ауданының 77 пайызы орталықтандырылған таза сумен қамтылып отыр. Бұл бағыттағы алдағы жылы да жалғасын табатын болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0