воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-11oC
×

БҚО жастар ұйымдары қазақстандық патриотизмді дамытуға үлес қосуда

Еліміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қазақстандық патриотизмді дамытуға БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған жастар қанаты да айтарлықтай үлес қосып келеді.

-Тәуелсіздік күні мерекесінің рөлі мен маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Біз қызметіміздегі ерліктерімізді, еңбек адамдарының табандылығын ұлықтау арқылы да Тәуелсіздік күнінің мерейін өсіре аламыз деп ойлаймын. Жалпы тәуелсіздік бұл өзі экономикалық, саяси, өзге де тәуелсіздіктерді нығайту.

Желтоқсан айында екі үлкен мейрамымыз бар. Олар - Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні бірін-бірі толықтырып тұратын атаулы күндер. Бұл екеуі бір-бірімен ажырамайтын ұғымдар. Себебі, Тәуелсіздіктің бастауында Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Ұлт көшбасшысы біздің дамуымыздың стратегиясы болып табылатын Тәуелсіздігімізді сақтау және нығайту жолындағы жауапкершілігі зор бірінші тұлға. Сол себепті біз осы ұлық күндері жастардың қатысуымен тұрақты түрде түрлі шаралар өткіземіз,-дейді жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов.

Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған жобалық кеңсемен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өңірде аталмыш кеңсемен алты бағыттағы 20 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүруде, ал оған жастар қанатының да қосып жатқан үлесі аз емес.

Игорь Спиридоновтың айтуынша Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласынан кейін олардың жұмысы да қайта жаңғыруда. Енді осы бағдарлама аясында өткізілетін іс-шараның санына емес, сапасына мән берілуде. 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына «Туған жер», көп балалы жанұяларға қолдау, отбасы институтын нығайту, латын әліпбиіне көшу сынды жобалар енгізілуде. Осынау жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер тартылып, бұл жобалардың әрқайсының мән-мағынасын көпшілікке түсіндіруге атсалысатын болады.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0