пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

В.Солодилов: «Елдегі тыныштықты сақтауға біздің де қосқан үлесіміз мол»

Еліміздегі, соның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы этномәдени орталықтар республикамызда тыныштықтың сақталуына, ұлттар мен ұлыстар арасында бірілік пен келісімнің дамуына көп үлес қосуда. Осы ортақ еңбек өз жемісін беруде.

Бұл туралы тәуелсіздік күні мерекесі қарасаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан үлесіне байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Яик-Орал казактары одағының төрағасы Вячеслав Солодилов мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда әлемде қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан халқы ассамблеясы сынды әмбебап модель жоқ. Сол себепті оны Н. Ә. Назарбаевтың моделі деп атайды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде ұлтаралық келісімді реттеуге байланысты құрылған бұл консультативті-кеңесші құрылым өмірлік маңызы бар қажет қоғамдық институтқа, демократиялық жүйенің бір бөлшегіне айналды. Ассамблея құрылған күннен бастап елімізде орын алған оқиғаларға байланысты, саяси жағдайларға орай беріліп жатқан бағалар мен болжамдарды негізге алып жұмыстанып, қоғамның ынтымақтастығына ұйытқы болуда.

Осыдан дәл жиырма жыл бұрын Орал казактары атынан мен, ал «Еділ-Жайық» қазақтары қауымдастығы атынан Аманжол Зинуллин Елбасымен кездестік. Ол кезде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлі оңалған жоқ еді. Көпшілік ертеңгі күніміз қалай болады деп алаңдаумен отырды. Сонда біз Нұрсұлтан Әбішұлына республикадағы, соның ішінде осы өңірдегі тынышты сақтауға, елдің дамуына атсалысуға уәдемізді бердік. Осынау уәдеден тайқып көргеніміз жоқ. Бұл кездесуде Елбасымызға, ҚХА Төрағасына біріміз ат мінгізіп, екіншіміз қылыш сыйладық.

1991 жылғы Оралдағы қыркүйек оқиғасын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Сонда жолдың арғы бетінде казактар, бергі бетінде қазақтар бір-біріне қарсы келіп, тектіреске түсуге шақ қалғаны белгілі. Екі жақтан бірдей жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде бәрі бейбіт жағдайда аяқталып, жағдай тұрақталды.

Кеше облыс әкімі «Ерен еңбегі үшін» медалін төсіме таққан кезде осы сәттер көзалдымнан өте шықты. Аз-көпті еңбегіміздің бар екенін сезінгендей болдық. Алғашқы мемлекеттік награда болған соң бұл медаль маған ыстық. Мен осынау марапатымды таяуда 90 жасқа толатын анама арнаймын. Себебі, өмірде азды-көпті жетістікке жетуіме анамнан алған тәрбиенің көп әсері болды,-дейді Вячеслав Солодилов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0