суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Қоршаған ортаны қорғау – ортақ іс

«Мәңгілік ел» партиоттық актісінің төртінші тұғырында табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау туралы айтылған. Бұл бағытта БҚО бойынша экология департаменті жанынан құрылған мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесімен (МЭССК) біраз жұмыс атқарылуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Батыс Қазақстан облысы Қарашығанақ кенішінің арқасында әлемнің біраз еліне танымал. Алайда, сол кеніштен қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар аз емес. Сарапшылық кеңеспен осыған қарсы біраз іс-шаралар қолға алынды. Мәселен, кенішті игеруші ҚПО б.в. компаниясы атмосфераға 2018 жылы 28 мың тонна зиянды заттар шығарудың орнына сарапшылық кеңеспен мұны көп деп анықтап, зиянды қалдықтар көлемін 19 мың тоннаға дейін түсірген жоба ұсынылды. Кеңес қорындысы бойынша бұл жоба келісілді.

Облыстағы тағы бір кеніш ― Шынарлыны (Чинарев) игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС атмосфераға ластағыш заттардың алдағы жылдағы шектеулі-рауалды шығарындылар көлемін белгілеген еді. Алайда, таяуда өткен сарапшылық кеңес жиынында кеңес мүшелері бұл норматив көлемінің көптігін айтып, жобаны кері қайтарды.

«ҚР Экологиялық кодексінің 56-бабына сәйкес, қауіптілігі жоғары нысандарға қатысты мемлекеттік-экологиялық сараптаманың қорытындысын қарау үшін МЭССК құрылған еді. Былтыр жасақталған кеңес құрамына, құзыретіне қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметтер кіретін мемлекеттік құрылым басшылары, ғалымдар, кәсіпкерлік палатасы, қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Біз кеңес мүшелерінің қатарына ақпарат құралдары өкілдерін енгізіп, жиындарымызға журналистерді шақырудағы мақсатымыз ― көпшілікті өңірдегі ірілі-ұсақты табиғат пайдаланушылардың жобаларымен таныстырып, қоршаған ортаға алып келетін әсерімен бірге күресуге шақыру және мемлекеттік құрылымдар тарапынан алынып жатқан іс-шаралар туралы барынша хабардар ету. Жалпы экология мәселесіне Елбасы, Үкімет, жергілікті атқарушы билік жете мән беріп отыр. Біз Мәңгілік Ел боламыз десек, қоршаған ортамыз, атмосферамызды таза ұстауымыз керек. Бұл ― бәріміз бірлесіп атқаратын ортақ іс», ― деді жиын барысында БҚО бойынша экология департаментінің басшысы, МЭССК төрағасы Ербол Қуанов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0