вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Атырау облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда

12 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үндістан республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті, деп хабарлайды NewТimes.kz.

«Бүгінгі күні Атырау облысының  Үндістанмен тауар айналымы 547 млн долларды құрайды. Өңірде  үндістандық капиталдың қатысуымен 20 компания жұмыс жасайды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  ел экономикасының барлық салаларына инвестициялар тартуға үлкен көңіл бөлуде. Осы факторды ескере отырып, бізде шетелдік инвесторлардың капитал салуын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар», —деді  Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі инвесторлардың өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалына назар аударатынын және жергілікті атқарушы органдар компанияларға бірлескен өндірістерді дамыту үшін мейілінше қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде  Үндістан республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Атырауға келердің алдында Алматы мен Шымкентте болғанын айтып өтті. 

«Менің міндетім екі елдің арасындағы қолайлы қарым-қатынасты дамыту. Экономикалық ынтымақтастықтың да маңызы зор. Қазақстанда біздің еліміздің бизнесінің қатысуымен  200-ден аса  компания жұмыс жасайды. Біздің сапарымыздың бағдарламасына қазақстандық тараптың да, үндістандық тараптың да әлеуетті инвесторларымен кездесу енгізілген», — деп атап өтті Үндістан республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумар.

Айта кетсек, бүгінде инвестиция тартуда мұнайлы өңір көш бастап келеді. Жалпы, өңірлік өнім мен орташа еңбекақы мөлшері бойынша да облыс алдыңғы қатарда. 

Атырау облысындағы инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы ірі компаниялар тарапынан қызығушылыққа ие. Олар қаражат салып, қайтарымын көруге ынталы. Жергілікті жерде агрессивті ортадағы металды тот баспау технологиясы бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, инвесторлар тек мұнай-газ саласы ғана емес, өнім өндіру, ауыл шаруашылығы бағыттарына да қызығушылық танытқан. Шетелдік және отандық инвесторлардың басқосуы өзара тиімді келісімдерге жол ашады, бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Қазір облыста осындай мыңнан астам компания табысты еңбек етіп жатыр. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0