вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Табыс толымды, жұмыс жүйелі: Атырау облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда

Бүгін Астанада орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Баспасөз маслихатында жыл басынан бастап өңірде атқарылған жұмыстардың қорытындысы және Атырау облысының алдағы жоспарлары баяндалған болатын.

«Елбасы мақаласын атыраулықтар қызу қолдады. Бүгінге дейін облыста көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында былтыр 118 жоба жүзеге асырылды. 1000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 450 мың адам қатыстырылды. Биыл біз 6,1 млрд теңгеге 175 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұған 700-ден астам шара ұйымдастырылады және оған 400 мыңнан астам адам қатыстырылады. Қазіргі танда өңірде жобалық офис жасақталып, сарапшылар кеңсесі ұйымдастырылды. Ол да өзінің оң нәтижесін көрсетуде», — деді сөз басында Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының әкімі журналистердің алдында биылғы жылдың басты оқиғаларына тоқталып, өткен іс-шаралардың нәтижелерін пысықтады.

Н.Ноғаев хабарлағандай, Атырауда «Асар» үш жақты әріптестік республикалық форумы өтті. Нәтижесінде, ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының республикалық базасы www.asarprojects.kz жасақталды. 10 әлеуметтік жобасы қолданып, оның бесеуі Атырауда жүзеге асуда.  Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған Азаматтық орталық ашылды.

«Туған жерге тағзым» науқаны аясында аудандарда жерлестер форумдары өтті. Науқанға байланысты меценттардың қолдауымен 1200 балаға арналған алты балабақша, 2500 орындық сегіз спорт кешені мен алаңдар ашылып, «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен» демалыс саябақтары қолданысқа берілген еді. Мақат кентіндегі «Жеңіс» саябағы қолданысқа беріліп, 2018 жылы Жайық өзені жағасында «Жастар» саябағының құрылысы басталады. Атыраулық меценат Ибрагим Акдрашевтың қолдауымен 30 сәуірде олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильинның қатысуымен қайырымдылық велошеруі өтеді», — деп атап өтті Атырау облысының әкімі.

Оның мәлімдеуінше, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша Атырауда «Ағартушылар» көп сериялы тарихи-деректі фильмі түсірілді. Бүгінде Миялы қорғандары, Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти ортағасырлық қалашықтарына ғылыми-археологиялық қазбалар жүргізілуде.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасына облыстан жеті нысан енгізілді: Сарайшық қалашығы, Ақмешіт, Ұшқан ата кесенесі, М.Өтемісұлының кесенесі,  Аралтөбе қорымы , Құлшан ата жер асты мешіті, Иманқара үңгірі. 2018 жылы Сарайшық тарихи-мәдени қорығы республикалық статусқа ие болды. Жағасын бекіту жұмыстарына 1,6 млрд тенге бөлініп, жұмыстар аяқталуда», — деді өңір басшысы.

Баспасөз маслихатында елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан мәселелер де қозғалды.

«Бірінші бастама, яғни, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бойынша  430 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарлануда, яғни, бұл 25 000 астам пәтер. Қазіргі уақытта тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 25000-ға жетіп отыр. Ал жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 108 мың. Осыған байланысты облыста тұрғын үй салу мәселесі жолға қойылуда», — деп мәлемдеді Н.Ноғаев.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні облыста 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығын да атап өтті. Оның ішінде 2164 пәтерлік 34 үйді ағымдағы жылдың соңын дейін пайдалануға беру жоспарлап отыр.

Сондай-ак, әкімнің мәлімдеуінше, Атырауда студенттер жатақханасы көбейтілмек. Бүгінде Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академияға 100 орындық жатақхана салынуда.

«Атырау облысының үш жоғары оқу орнында 1612 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, 312 студент жатақханадан орын алуға өтініш білдірген. Осы проблеманы шешу мақсатында Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академияға 100 орындық жатақхана салынуда. Аққыстау кентінде 320 орындық техникалық колледжінің жаңа ғимараты мен 100 орындық жатақхана салынатын болады. ТШО қаражатына агротехникалық колледжіне 150 орындық жатақхана салынады. Сонымен қатар энергетика және құрылыс колледжіне 100 орындық жатақхана ғимараты салынатын болады», — деді Н. Ноғаев.

Баяндама арасында Нұрлан Ноғаев өңірде шағын несие беруді көбейту туралы сөз қозғады.

Атырау облысында 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1543,5 млн теңгеден астам сомаға 312 жоба субсидияланды, 1210 жұмыс орны құрылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 840 млн. теңге бөлініп, 148 жоба қаржыландырылды, 25 жоба кепілдендірілді.  

«Бизнес Аймақ» бағдарламасы бойынша 2017 жылы жергілікті бюджеттен 350 млн теңге бөлінді: 67 бизнес жоба қаржыландырылды, 123 жұмыс орны құрылды. 2013-2017 жылдары ауылдағы бизнесті қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініп, 534 жұмыс орны құрылды, 242 бизнес объектісі ашылды. «Алтын кеме» бағдарламасы бойынша 304 млн теңге сомасына 14 жоба мақұлданып, 17 жұмыс орны құрылды», — деп мәлімдеді әкім облысы.

Ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы 241,2 млн теңге игерілді, 31 адамға несие берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалы 2017 жылғы 15 тамызға дейін 352,2 млн теңгені толықтай игерді.

Атырау облысының екі қаласы мен 130 елді мекені (79,3%) табиғи газбен қамтамасыз етілген. Облыс халқының 96,8%-ы (320 102 адам) табиғи газбен жабдықталған. 2018 жылы 135 елді мекенді, яғни 82,3 %-ға газбен жабдықтау жоспарлануда.

2019 жылдың бірінші жартысында 145 елді мекенді, яғни 88,4% газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Облыс тұрғындарының 99,2%-ы газбен қамтылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0