четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
-0oC
1xadv
×

Батысқазақстандық жастар жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Елбасының биылғы Жолдауында жүктелген міндеттердің бірі.  Қоғамдық дертке айналған бұл кеселмен күресуге батысқазақстандық  жастар да үлес қосуда. Өңірде «Жастар бақылауы» жобасының жүзеге асуы соған дәлел, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Осы мақсатта Оралдағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Өзіңнен баста!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсылық акциясы өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұйымдастырған шараға Орал қаласының және Зеленов пен Тасқала аудандарының  жастары қатысып, қоғамдық бастамаға үн қосты.

«Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталатын 9-міндетін орындау мақсатында Агенттік 2018 жылға арналған кешенді жоспар жасады. Жоспардың «Адал жол-Честный путь» атты марафоны аясында еліміздің барлық өңірінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш марафон біздің облыста Зеленов ауданынан бастау алған еді. Енді Тасқала ауданында жалғаспақшы. Елдің гүлденуіне кедергі келтіретін кеселмен күрес - әр азаматтың қасиетті борышы. Бастаманы өңір жастарының қолдай келгені қуантады. Баршаңызды адал қызмет етіп, жемқорлықсыз болашаққа бірге жетуге шақырамын», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Исақов.

Акцияда жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, студенттер сөз алып, жемқорлыққа қарсы шаралардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, жастарды сыбайластықтан аулақ болуға, одан санасын азат ұстауға шақырды.

«Бұл республикалық акцияға зеленовтық жүздеген жас белсенді қатысты. Олар өздеріне қажетті толыққанды мәлімет алып, болашаққа деген көзқарастарын, өз идеяларын ортаға салды. Әр ауылда атқарылған шаралар марафон эстафетасының кітабына жазылды», — деген Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров тасқалалық әріптесі Санжар Әлиевке эстафета кітабын табыстады.

Өз кезегінде Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев акция мақсаты тасқалалық жастар арасында да кеңінен насихатталатынын жеткізді.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0