четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Элиталық әскердің үздік сарбазы

Таяуда БҚО әкімдігіне ҚР Мемлекеттік күзет қызметі нысандарын қорғау қызметінің №0112 әскери бөлімі «Айбын» Президенттік полкі басшылығынан Алғыс хат келді.

Онда Батыс Қазақстан облысынан әскер қатарына шақырылған сарбаз Есбол Қиматов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі нысандарын қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкінің №0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін үздік өтеп жатқандығы жазылған. Сондай-ақ хатта «Айбын» Президенттік полкі №0112 әскери бөлімі ҚР Президентінің және бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым болып табылатыны, сол себепті мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік екені де айталады. Ал бұл жеке құрам қатарына кез-келген жанды ала бермейді. Яғни денсаулығында мін жоқ, мінез-құлқы, жеке қасиеттері жақсы деп танылған жастар ғана таңдалып алынады.

«Жауынгеріміз Есбол Махамбетұлының осы қатардан табылғаны – оның туған өлкесінде, отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз. Ол Отан алдындағы борышын бірінші күндерден бастап адал атқарып, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын меңгеруге зор ынтамен кірісті. Сөйтіп Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде белсенді, жауапты азамат ретінде танылды. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолданып, нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындап жүр. Әскери бөлімдегі жастар бастамашылық орталығының белсенді мүшесі әрі жақсы ұйымдастырушы ретінде танылып, мерекелік және әскери-патриоттық іс-шараларды өткізуде белсенділік танытуда. Әскери міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін ол бірнеше мәрте марапатталды» делінген Алғыс хатта.

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының тумасы болып табалытын Есбол Қиматов 1999 жылдың 23 ақпанында дүниеге келген. Жауынгердің анасы Сәуле Каринаның айтуынша, баласының бұрынғы кеңес армиясы күні саналатын 23 ақпанда дүниеге келуін марқұм әкесі Махамбет те ізгілікке жорып еді. Баласы сол сенім биігінен көрінді.

«Есбол Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің бірінші курсынан-ақ алғашқы әскери дайындық пәніне қызығушылығын танытты. Бұл пәнді жақсы меңгеріп, берілген барлық тапсырманы ойдағыдай орындай білгені үшін өз қатарластары арасында топ басшысы атанған еді. Ол сондай-ақ колледжде өткізілетін түрлі мәдени-спорттық шаралардың ортасынан да табыла білетін. Әркез ұстаздарына ізет, қатарластарына құрмет танытып жүретінімен де есімізде қалды. Бағыты мен мақсаты айқын Есболдың жеткен жетістіктеріне колледж ұжымы да қуанышты», — дейді ұстазы, аталмыш оқу орнының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айболат Қыдыров.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0