среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Батыс Қазақстан облысында ІТ-маманға сұраныс көп

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың түлектері енді ІТ технологияны жете меңгерген маман болып шықпақшы. Соған орай аталмыш ЖОО базасында студенттердің тың идеяларын жүзеге асыруға бағытталған ІТ алаң құрылмақшы. Бұл туралы таяуда осы университетте өткен «Smart siti digital university» атты форумда айтылды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

«Елімізде, соның ішінде біздің облыста цифрландыру бағытында көптеген іс-шара қолға алынуда. Сол себепті біз ертең түлектеріміздің қоғамнан өз орындарын табуына мүдделіміз. ІТ алаңда студенттеріміз өндірісті, шаруашылықты, қаланың тұрғын үй-коммуналдық қызметтері және өзгеде жүйелерді дамыту бойынша идеяларын жүзеге асыруды үйренеді деп ойлаймын», — деді жиынды ашқан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры Асқар Наметов.

Облыс орталығында іске қосылған он бес цифрлық жоба жөнінде айтқан Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Сәкен Мұртазаев ІТ жобаларға 1-2 курстардың студенттерін де қатыстыру қажеттілігіне тоқталды. Жалпы облыс орталығын дамыту бағытында жақсы жобалар бар. Олардың біразін студенттердің жүзеге асыруына мүмкіндік берген жөн. Егер олар сәтті шығып жатса, қала әкімдігі оқу орнымен тұрақты байланыс жасамақшы.

ІТ компаниялардың өкілдерінің сөзіне қарағанда, қазір бұл саланы жетік білетін жандарға сұраныс жоғары. Егер студент жастар цифрландыру ісін жақсы меңгеріп шықса, оларды өздері де жұмысқа алуға дайын.

«Кейбір жастар ІТ маманы ретінде жұмысқа қабылданғанымен, іс жүзінде көп нәрсені білмей жататыны жасын емес. Себебі, оқу орындарында ІТ алаңдар жоқ болуы себепті олардың деңгейі төмен болады. Олардың білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдауға уақыт әрі қаржы кетеді. Нарық заманында бұл компания үшін тиімсіз. Соған байланысты қазір ІТ компаниялар жас мамандардың білім-біліктілігіне жіті назар аударады. ЖОО базасында ІТ алаңның құрылуы – бұл бүгінгі студент, етеңгі түлек үшін де, университет үшін де үлкен жетістік», —деді «Web-desigen.kz» ІТ компаниясының өкілі Петр Лежников.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0