пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Батысқазақстандық: Футбол фристайлы – әдемілік

Таяуда Астанада футбол фристайлы бойынша республикалық сайыс өтіп, бұл жолы да батысқазақстандық Айболат Құбашев жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер сапынан көрінді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Қазақстанда спорттың дәл осы түрін дамытуға қолдау көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын, дене тәрбиесін және спортты насихаттауды мақсат тұтқан мұндай сайыс соңғы жылдары тұрақты түрде өткізіліп келе жатыр. Айболат 2016 жылы елімізде алғаш рет болған республикалық сайыста үшінші орын алған еді. Ал былтыр футбол фристайлшыларының сайысы Елордада халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жол жарысқа қатысып, тәжірибе жинақтағаны болмаса, ол жүлделі орыннан көріне алмады. Енді Чехияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Аталмыш додада ел намысын қоғайтын қос фристайлшының бірі - Айболат.

Айта кетейік, Айболат Құбашевты оралдық спорт сүйер қауым, соның ішінде жас аяқ допшылар жақсы таниды. Оның футбол добымен таңғаларлық қимылдар жасаған бейне көріністері әлеуметтік желіні кезіп жүр.

Бүгінгі таңда М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  дене тәрбиесі және спорт факультетінің студенті болып табылатын ол интернеттен бразилиялық футболшы Роналдиньоның доппен әр түрлі әдемі қимылдар жасау үстіндегі бейне үзігін көріп, футбол фристайлына деген қызығушылы оянған. Шабыттанғаны соншалық, әйгілі футболшының қимылдарын қайталап көргісі келді. Осылайша футбол фристайлымен үш-төрт жылдан бері айналысып келеді.

Оның айтуынша, әзірге Батыс Қазақстан облысында спорттың осы түрін жанына серік еткендер жоқ. Футбол фристайлы еліміз бойынша Астана, Алматы шаһаларында жақсырақ дамыған екен. Аталмыш спорт түрімен айналысушылар Шымкент, Павлодар сынды санаулы қалаларда да бар.

«Футбол фристайлы - адамның ерік-жігерін, ептілік пен шыдамдылығын шыңдайтын өнер. Жеке мен үшін өзімді белгілі бір мақсатқа жеткізу жолындағы тәрбиелеуші құрал дер едім. Футбол фристайлы – әдемілік. Мұны спорттық шоуға жатқызуға болады. Адамдардың көбі жалықпай тамашалайды. Мүмкін кейбір адамдар менің тірлігімді түсінбей, таңырқай қарайтын шығар. Бірақ адам өзіне ұнаған іспен айналысуы керек деп ойлаймын. Жалпы, футбол фристайлы әлемде 2001 жылдан бастап дами бастаған. Бүгінгі таңда Еуропада спорттың бұл түрі бойынша федерация құрылған. Болашақта футбол фристайлы федерациясы Қазақстанда да құрылатынына сенемін. Өйткені еліміз жан-жақты дамып келе жатыр ғой. Сондықтан спорт, білім, өнердің қай саласында болмасын, Еуропадан артта қалған тұсымыз болмауы керек деп ойлаймын. Елімізді сондай деңгейге жеткізу үшін бәріміздің жұмыла еңбектенгенімізді қалаймын»,—дейді ол.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0