пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Рухани жаңғыру: «Нұр Отан» партиясы атыраулықтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ниетті

«Нұр Отан» партиясын жаңғырту аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бастамалық жобаларды Атырау облысының әкімдігінде өткен кеңесте ұсынды.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша жобалар ақпараттық технологияларды дамытуға, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, шағын және орта бизнесті, білім беру саласын қолдауға, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

«Алдағы үш жылдың ішінде «Нұр Отан» мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын 8 жастан 16 жасқа дейінгі 150 мың баланы оқытуға мүмкіндік береді. Атырау облысында мұндай сыныптар ашылатын 10 мектеп белгіленді», — деді Н.Ожаев.

Бұл мектеп оқушыларының қарапайым алгоритмдер құру, еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалар және WEB-сайттар жасау дағдыларын меңгеруіне жағдай туғызады. Болашақта технопарктер ашу жоспарлануда, бұл алдыңғы қатарлы цифрлық дағдылар мен білімнің қолжетімділік проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Атырау мемлекеттік университетінің жанында жалпы білім беретін мектептер үшін мамандарды оқытатын IT-орталық ашылғанын айта кету керек.

Тағы бір жаңа жобаның бағыттарының бірі мектеп асханаларын жаңғырту болмақ. Олардың жабдықтарын бірыңғай стандарт бойынша жаңарту, сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған салауатты тамақтану стандартын енгізу жоспарлануда. Мұнан басқа, партия оқу орындарындағы тамақтандыру сапасын қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын болады.

Жаңа бастамалар мектептердің спорт алаңдарын реконструкциялауға жағдай туғызады. Бизнесті тарта отырып, оларды бірлесіп пайдалану жөніндегі жоба пысықталуда. Бірінші кезекте құрылатын инфрақұрылым балаларға арналатын болады, ал мектептен тыс уақытта ақылы негізде спортпен ерсектер де шұғылдана алады.

Мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға «Бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабақтары» көмектеседі. Бұл үшін мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған үш тілдегі интерактивтік WEB-ресурс құру жоспарланып отыр. Сабақтың алдында балалар интерактивтік гимнастиканың «бес минутымен», салауатты тамақтану және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйренумен айналысатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында кітапхана жүйесі де жаңғыртудан өтпек. Жаңа партиялық жоба әдеттегі кітап қоймасын заманауи білім тарату орталықтарына өзгертуды талап етеді. Кітап қорын электрондық форматқа көшіре отырып, бірыңғай онлайн кітапханалар ашу жоспарлануда.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынылған бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Бірінші кезекте бұл IT-технологияларды дамытуға қатысты.

«Біз жастарды ақпараттық технологиялар саласында алған білімдерін пайдалануға үйретуге тиіспіз. Жастар инновациялық идеяларды өздері ұсынуы тиіс, — деді Нұрлан Ноғаев. — Біздің балаларымыздың арасында жоғары технологиялар саласындағы болашақ данышпандар бар, олардың әлеуетін ашуымыз қажет».

Өңір басшысы партияның мектеп асханаларын жаңғырту жөніндегі бастамасы туралы да өз ойын айтты. Неғұрлым тиімді жұмыс жасау үшін қызметтің бұл түрін сенімді басқаруға беру қажет. Қазіргі уақытта облыста екі кәсіпкер 8 мектеп асханасын сенімді басқаруға алуға ниет білдірді (бесеуі Атырауда, үшеуі Құлсарыда).

«Облыста 193 мектеп бар, ал мектеп асханаларын сенімді басқаруға алуға қызығушылық білдіргендер соншалықты аз. Себебі қандай, мүмкін бір проблемалар бар шығар? Бұрын кәсіпкерге шартқа бір жылға қол қоюды ұсынды. Қазір бұл ережені алып тастап, пайдалану мерзімін бес жылға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл бизнесмендерге қозғау салады және мектеп асханаларындағы тамақтану сапасын айтарлықтай жақсартады», —деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0