среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Шымкенттегi ең ауқымды жобаға ірі инвесторлар қызығушылық танытуда

Жаңа Шымкент-сити шағынауданы күннен-күнге инвесторлардың қызығушылығын арттыруда. Қазір бұл жобаға «Highvill», «BI-Groupp» және «Базис-А» секілді ірі инвесторлар тартылуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, құрылыс жұмыстарымен 20 жеке инвестор айналысуда. Ауданның жалпы көлемі - 427 га. 7 мектеп, 23 бала бақша, 1 спорт кешені, 1 кино-концерт залы, емхана, ірі бизнес орталық және 324 тұрғын үй нысаны бой көтермек. 

Қазір 31 үйдің құрылысы жүруде, оның 14-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

«Shymkent City» қалананың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек би ескерткішінің жанында орналасатын болады. Кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді.

Кешен аумағында жаңа объектілердің құрылысы жеке инвестициялардың есебінен болатындығын атап өткен жөн.

«Shymkent City» жобасы қаламызды үшінші мегаполиске айналдыру бойынша Елбасымыздың тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Бұған дейін қала және облыс басшылары мәлімдегендей, «Shymkent City» құрылысымен негізінен отандық құрылыс компаниялары айналысатын болады. Сондай-ақ, жаңадан ашылатын мыңдаған жұмыс орны да Қазақстан азаматтары үшін құрылмақ. Жаңа шағынауданда жергілікті кәсіпкерлерге де жағдай жасалатын болады. Сауда орталықтары мен бизнес-кеңселер кәсіпкерлердің игілігі үшін бой көтеріп жатыр. Нысандардың барлығы халықаралық талаптарға сай және қауіпсіздік тұрғысынан аса жоғары деңгейде болады деп күтілуде. Мұнда сондай-ақ, көлік кептелістері болмса үшін жолдар кең етіп салынады және мыңдаған автомобильге арналған арнайы көлік тұрақтары жасақталады.

Айта кетерлігі, жаңа қалашықтағы құрылысқа қажетті қаражаттың басым көпшілігін инвесторлар өз қалтасынан шығарады. Оларға жергілікті билік тарапынан қосымша жеңілдіктер көрсетілетін болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0