пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Білімді де білікті: Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі Қызылорда облысында шешімін тапты

452 қызылордалық  студент Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясы Үкіметінің қаражаты есебінен білім алып жатыр. Алғашқы 75 бітіруші түлек шілде айында диплом алып, елге қайтып келеді. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін тапты.

Ресей университеттері түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

«Қызылорда облысы – жыл сайын Ресей Үкіметінің гранттары есебінен жетекші техникалық университеттерде түлектерін оқытатын бірден-бір аймақ. 2014 жылдан бастап Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облысымыздың 452 мектеп бітірушілері оқуға түсті. Биыл олардың алғашқы легі оқуын аяқтайды. 62 студент диплом алып, Қызылордаға қайтып келеді, ал 13 магистратураға түсіп, оқуын жалғастырмақ. 62 түлекті жұмысқа орналастыру мәселесі де пысықталуда. Бұл балаларға үлкен үміт артып отырмыз, өйткені олар аймақтың жағдайын өзгертіп, қазіргі заманның талабына сай бәсекеге қабілетті маман болады», - деді аймақ басшысы.

Алғашқы 75 түлектің ішінде Мәскеу болат және қорытпалар институтының 13 түлегі магистратурада оқуын жалғастырса, 62 адам туған қалаға қайтып келеді. Олар – «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰЗТУ (МИСиС) Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университетінің «нанотехнология және микрожүйелі техника», «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «материалтану және материалдар технологиясы», «электроника мен наноэлектроника», «металлургия», «стандарттандыру және метрология», «технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», «жылу энергетика және жылу техникасы» және т.б.

Мәжіліс барысында жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысының м.а. Абылайхан Сабанбаев пен индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Султангереев түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Қазіргі таңда студенттердің түрлі мәселелерін шешу үшін Ресейдегі қызылордалық студенттерінің «Орда» қауымдастығы құрылып, мессенджерде арнайы чат ашылды, жастар үшін облыс кәсіпорындарына экскурсиялар мен жұмыс берушілермен бейресми кездесулер ұйымдастырылды.

Өңірдің бірқатар кәсіпорны түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Олардың басшылары жиын барысында оны растады. Мәселен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы 11 жас маманды жұмысқа қабылдамақ, «Гежуба Шиелі Цемент» 8 адам алуға ниет білдірді, сондай-ақ, «СКЗ - U» ЖШС, Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жарығы» холдингі және өзге де компаниялар қызығушылық білдірді.

Облыс әкімі мамандардың баспана мәселесін де шешіп беруді тапсырды.

Одан бөлек, жыл соңына дейін аймақта 4 ірі кәсіпорын (шыны, молибден және 2 цемент зауыттары мен балық өндеу цехы) іске қосылады. Ринат Султангереевтің айтуынша, бұл кәсіпорындарда жергілікті колледждердің «химия», «энергетика», «стандарттандыру», «материалтану», «автоматтандыру» мамандықтары бойынша 650 жуық түлегі жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, цемент зауытында 200 адам, оның ішінде қазіргі таңда Қытайда оқып жатқан Шиелі индустриялық аграрлық колледжінің 46 түлегі жұмыс істейтін болады.

Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты мемлекеттік органдарға студенттерді өңірдің өндірістік компаниялардағы бос жұмыс орындары туралы уақытылы хабардар етуді тапсырып, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке жауапкершілік жүктелгенін ескертті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: