+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
25.07.2018 в 10:10

Қызылордалық театр халықаралық «Фриндж» фестивалінде өнер көрсетеді

Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2018 жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»  лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысады.

Халықаралық «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі. Фестивальге  әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаздар қатысады және 3000-ға жуық қойылымдар көрсетіледі.   

Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қойған режиссер  театрдың  көркемдік  жетекшісі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы.  Көркемдеген суретші Нұркен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін артистердің басым көпшілігі жастар. Атап айтсақ,  Ақбаян ролінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы ролінде – Санат Жүзбай,  Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай ролінде  – Қазақстан Жастар Одағы  «Серпер» сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков,  Сарыбай – Сырым Әбдразақов,  Мақпал – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей ролінде – Ақтолқын Төлеуова. 

Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда – бесікте атастырылып, бірақ  жолдары екіге айырылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда, олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық биі орындалып,  асық,  арқан-тартыс  секілді ұлттық ойындар ойналып, қойылымның өне бойынан қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.

«Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан  «Ақбаян»  спектаклімен әлем сахнасына жол тартып,    барша қазақ өнерінің жүгін арқалаған Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театры  үшін бұл -  үлкен  тарихи құбылыс  және  мәртебелі  міндет  болып табылады», — деді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы.

Жарты ғасырдан астам тарих қойнауындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының репертуарында түрлі жанрдағы көрермен талғамына сай сапалы қойылымдар қатары бар.      

Сонымен қатар, театрдың шығармашылық құрамында жастар труппасы, қуыршақ тобы және драмалық ұжымды қосқанда барлығы 50-ге жуық артистер қызмет етеді. 

Театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке үлкен  гастрольдік сапармен барып,  қазақ  өнерінің  мәртебесін  көтеріп,  мерейін асқақтатты.  Оның ішінде, Татарстан,   Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды. 

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика