суббота, 27 июля 2024 г.
icon
474.72
icon
515.17
icon
5.58
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

БҚО-да ауыл жастарының зияткерлік әлеуеті көтерілуде

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында жастарға арналған орталықтар аз емес. Алайда олар қалада, аудан орталықтарында орналасқан болатын. Ал таяуда Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында коворкинг орталығы ашылды.

Ауыл жастардың зияткерлік әлеуетін көтеру мен белсенділігін арттыру мақсатында жасақталған бұл орталық ауылдағы модельді кітапхана жанынан құрылды.

Орталық төрт алаңнан тұрады. Соның бірі relax аймағы, яғни демалыс аймағы болып табылады. Мұнда бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Караокемен ән айтуға немесе домбыра, гитара шертуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ өнер, музыка тақырыптарындағы әдебиеттер де молынан тұр. Тоғызқұмалақ, шахмат, тағы басқа ойындарды ойнауға болады. Келесі алаң KIDS COWORKING center деп аталады. Яғни, балалар орталығы. Бұл жерде қауіпсіз интернет (сайттар, планшеттерден толық мәтінді әдебиеттерді оқуға болады), сонымен қатар қызығушылығы бар оқырмандардың ұйымдастыруымен «Қолөнер» үйірмесінің жұмысын, «Қуыршақ театрының» қойылымдарын тамашалауға болады және балалар ата-аналарымен келіп, электронды әдістемелік құрылдарын пайдалана алады. Ал «Рухани жаңғыру» алаңында «Онлайн-әдебиет» түрлі форматтағы кітапханалық-ақпараттық ресурстарды пайдалану, шеберлік сыныптар, зияткерлік ойындар, дәрістер өткізу қарастырылған. Осы алаңдағы ENGLISH club-та «Латын әліпбиі графикасы», «Компьютерлік сауаттылық», «Шығармашылық атмосфера» секілді бұрыштар жасақталған. OPEN-SPACE ашық кеңістік алаңы WI-FI аймағы ретінде пайдалануға беріліп, мұнда бизнес серіктестік, іскерлік құжаттар жасақтауға мүмкіндік туғызылған. Сонымен қатар «Киноман», «Мультиман» клуб аймағы да бар.

«Биылғы жыл басында аудан орталығында есігін айқара ашқан «Өркен» коворкинг орталығы аудан жастарының сенімді серігіне айналды. Қыз-жігіттер сол орталықтың мүмкіндіктерін өз игіліктеріне тиімді пайдаланып келеді. Бұл орталық та жаңабұлақтық жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтынына сенім мол. «Коворкинг» сөзінің өзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді екен. Енді кітапхана оқырмандары, соның ішінде жас ұрпақ кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен де айналысады деп ойлаймын», — деді орталықтың ашылу салтанатында сөз алған Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0