вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Республикалық «Өлкетану» акциясы Атырауда жалғасуда

23 тамыз күні республикалық «Өлкетану» акциясы аясында Атырауға Павлодар облысының 65 оқушы келді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Павлодарлық қонақтар еліміздің әр аймағындағы киелі жерлерді таныстыру мақсатында ұйымдастырылған акцияның ұнағандығын айтып, қуаныштарын жеткізуде. Ал, Атыраудағы сапар жөніндегі пікірлері тіпті ерекше. Айтуларынша, балалардың көңілінен орын алған керемет көрініс – «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытына өткен. 

Қонақтар екі күндік сапардың алғашқы күні үш топқа бөлініп, Жайық өзенінде катермен қыдырды, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейіне барып, өткен тарихымыз бен танымал тұлғалар жайлы қызықты деректерге куә болып қайтты.
Одан соң Бесікті селосындағы «Тұлпар» демалыс лагерінде «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы мүшелерімен кездесті, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қатысты.

Шара «Атырау - киелі мекен» атты танысу кеші «Өрмекші» әдісі, «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы, «Каспий теңізіне саяхат» релаксациялық жаттығуы секілді танысу тренингтерімен басталып, балалардың жаңа ортаға тез бейімделуіне жағдай жасалды. Ән тыңдалды, «Жайдарман» клубының қойылымы оқушылардың көңілін серпілтіп, әзілдерімен баурай алды.

Танысу кеші көңіл көтеру бағытында ғана емес, қонақтардың білім дәрежесін сынауға да мүмкіндік берді. Оның дәлелі - «Ойлан тап» әдісі бойынша дайындалған сұрақ-жауап сайысы. Кеш соңында көңілді ойындар ойнатылып, дискофиестаға ұласты.

Оқушылардың екінші күні де қызыққа толы болды. Қонақтар таңертеңмен Индер ауданына аттанып, тарихи орындармен танысу мақсатында жолға шықты. 

Алдымен, ел тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған зар заман ақыны, төкпе жырау Мұрат Мөңкеұлының мазарына барды.

Жергілікті маңызы бар киелі орындардың бірі саналатын бұл орын - балалар үшін тарих тұңғиығынан сыр шертері сөзсіз. Келесі серуен кезінде Дінмұхамед Қонаев ат басын тіреп, «Димаш төбе» атауы берілген Тұздыкөлде жалғасты. Экспедицияның соңында балалар Қазақстаннның киелі жерлері тізіміне енген облысымыздағы 7 орынның бірі Махамбет музей-қорығын көріп, жауынгер-ақын туралы кеңірек мәлімет алды.

Атырау облысына туристік жорықпен келген Павлодарлық оқушылардың үшінші күні  Сарайшық музейін тамашалаумен басталды. Жайық өзенінің жағасында Атырау қаласынан елу шақырым қашықтықта  орналасқан киелі өлкеге  жасалған сапарда балалар аймақ тарихымен танысуға үлкен мүмкіндік алды. Қонақтар дәстүр бойынша  алдымен, ескерткіштегі хандар құлпытасын аралап, әулие ағашқа соғып, содан кейін музейге кірді. Келушілер музей тарихшысының айтуы бойынша бұл орында жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы, сондай-ақ, 12 әулие жерленгендігі жөнінде, Әулие ағаштың сыры, кезінде атағы әлемге жайылған қалашықтың атауы мен сырлы тарихы туралы ақпарат алды. Қазақ даласындағы ең көне тарихи орынға жасалған саяхаттан кейін балалар Атырау қаласындағы Арсенал кинотеатрына барды. Павлодарлықтар жорықтың соңғы күнінде облыстық телеарнаның «Бізбен бірге»  бағдарламасында қонақта болды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0