суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Атырауда үздік әлеуметтік жоба анықталды

Атырауда үздік әлеуметтік жоба анықталды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» байқауының өңірлік кезеңіне 20-ға жуық үкіметтік емес ұйым қатысты.

Солардың бірі  - «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі.  Ұйымның  «Қолтаңба» жобасы  мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын дамытуға  арналған. Мүгедектердің қоғамға қажеттілігін сезіндіріп, оларды жұмыспен қамтуды көздейді.   Мықтылар бақ сынаған байқауда  «Мүгедек әлемі» үкіметтік емес ұйымы топ жарып  жүлделі 1-ші орынды иемденіп, 1 миллион теңгеге сыйлыққа ие болды. Ұйым 16 жылға жуық уақыт ішінде  тағдыр тауқыметін тартқан отбасыларға үміт сәулесін шашып, әлеуметтік мәселелерді  шешуге үлес қосып келеді.

Байқау қорытындысы бойынша екінші орынды  «Сана» қоғамдық қоры иеленіп,  700 мың теңге , үшінші орынды «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігі иеленіп,  500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. Бұдан басқа  «Ынтымақ Атырау»,  «Жастар таңдауы Атырау»,  «Алақай Атырау» қоғамдық бірлестіктері байқаудың ақшалай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.  

«Байқаудың қортындысы бойынша оның нәтижесін шығару үшін бекітілген ережеге сәйкес облыстық байқау комиссиясы жұмыс жасады. Көптеген пікірлер туындап, көптеген жобаларға тәнті болдық. Атырау облысында шын мәнінде лайықты жобалар көптігіне көз жеткіздік», — дейді  «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0