пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Атырауда 100-ден астам ІТ мамандар даярланды

Ақпараттық технологиялар жылдан-жылға ел экономикасына, адамдардың күнделікті өміріне үлкен ықпалын тигізіп келеді. Энергетика, медицина, білім беру, сауда, қаржы секторы, сақтандыру және мемлекеттік басқару, оның ішінде әскери салада көптеген салаларының сапалы даму кезеңдері  ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты.

Әлемдік тәжірибе жалпы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты екенін көрсетеді.

ІТ мамандардың жетіспеушілігі, мамандарды даярлаудың жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласы мамандықтарының жеткіліксіз танымалдығы соңғы жылдары Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуын шектейтін факторлар екендігі анықталған.

Осыған орай ағымдағы жылдың мамыр Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің  базасында жаңа партиялық жобалар аясында ІТ орталық ашылды.

Ашылған сәттен бастап орталық 86 IT-мамандарын дайындап шығарды. Оқыту үш кезеңмен жүргізіліп, «Сандық сауаттылық» (MS Word, MS Excel, MS PowerPoint, Интернет-ресурстармен жұмыс істеу), «Деректер базасын дамыту» (MS Access), «Графика және дизайн» (Auto Cad, Adobe Photoshop) «Интернеттегі сайттарды бағдарламалау» (HTML, PHP, CSS, CMS), «Дизайн және компьютерлік графика» (Corel Draw, Adobe Photoshop, AutoCAD, Macromedia Flash, 3d Max), «Қазіргі заманғы программалау технологиялары» (C / C ++, Python , Java) бағыттары қамтылды.

IT орталық жетекшісі Жанна Ғаббасованың айтуынша, 30 мамырда алғашқы кезекте оқыған  Құрманғазы, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарының мұғалімдеріне арнайы  сертификаттар табыс етілген. Алдағы оқу жылында олар алған білімдерін пайдаға асырып, жаңа  «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқушыларды сапалы дайындығына үлес қосады.

Мұғалімдерді «Дизайн және графика» (Corel Draw, Adobe Photoshop, AutoCAD), «Анимация және 3D модельдеу» (Macromedia Flash, 3d Max), «Веб-сайтты бағдарламалау» (HTML, PHP, CSS, CMS) бағдарламалау (Pascal, C / C ++), сондай-ақ заманауи программалау технологиясының негіздері (Python, Java) бағыттары бойынша жүргізілді.

Оқу үрдісіне бағдарламалық дағдыларды жеделте меңгеруді енгізу,  білім беру сапасын жақсартуға, және ақпараттық технологиялар саласы мамандығын  насихаттауға ықпалын тигізеді деп сенеміз, - дейді Жанна Ғаббасова.

Екінші және үшінші кезекте ІТ орталық 51 маманды дарялап шығарды. Олардың арасында Атырау қаласындағы мұғалімдерді қайта даярлау орталығының мамандары, қала мектептері мен лицейлерінің информатика, физика, химия, тарих және география пәндерінің мұғалімдері,  8-10 сынып оқушылары, студенттер мен кәсіпорын қызметкерлері, және көршілес Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0