четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Атырау Солтүстік-Каспий жобасының 25 жылдығын атап өтуде

28 тамызда Атырауда Солтүстік-Каспий жобасының 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралары басталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл Қазақстандағы теңіз мұнайгаз кенорындарын игерудің алғашқы ірі жобасы. Мерекені атап өту аясында Атырауда «Қашаған- Қазақстанның болашағы үшін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. NCOC басшылығы мен консорциум ұжымы, Қашаған кенорнын алғаш ашқан ардагерлердің алдында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. Жобаның маңыздылығына тоқтала отырып, облыс әкімі Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды.

«Бұл жоба Қазақстанның мұнайгаз саласы үшін ең ірі және маңызды жобалардың біріне айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жас мемлекетіміз үшін Каспий қайраңындағы ірі Қашаған кенорнын игеру айырықша оқиға болды. Жобаны іске асыру Қазақстанға шетелдік инвестицияларды, жаңа технологияларды, күрделі теңіз кенорындарын игерудегі әлемдік тәжірибені тартуға мүмкіндік берді. Бұл осы жобаға барлық қатысушылардың үлкен еңбегі. Бұл жұмыс алға қарай да еліміздің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігі үшін  пайда әкеледі деп сенемін», — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Облыс әкімі Солтүстік Каспий жобасы бүгінгі күні еліміздің экономикасына айтарлықтай ықпалын тигізіп отырған Қашаған жобасы ғана емес екенін атап өтті.

«Бұл игеру күтіліп отырған басқа да кенорындары. Мен бүгінгі ұжымның алдарына қойған міндеттерді толық орындайтынына сенемін. Аз жұмыс атқарылған жоқ, алайда алда әлі де атқарылатын жұмыстар көп. «Нөлдік цикл», қоршаған ортаға ұқыппен қарау, қауіпсіздік техникасының мәселелері – бұл жобаның басында тұрған өзекті міндеттер және күні бүгінге дейін өмірлік маңызды мәселелер болып табылады. Оларды шешу үшін әлемдік мұнай саласының барлық тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану қажет», — деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев.

Қашаған жобасын іске асыру екі – Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында жүргізілуде. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов атап өткендей, консорциумның ірі әлеуметтік жобаларды іске асырудағы үлесі айтарлықтай.

Сонымен бірге, конференцияда сөз сөйлеген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзом Марзығалиев Каспий қайраңындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. Жаңа кенорындарын ашу инвестициялар салуды, жаңа технологиялар тартуды және жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етеді. Бүгінгі күні консорциум шамамен 16 млн тонна мұнай мен конденсат, 5 млрд текше метрден астам газ өндірді, 700 мың тоннадан астам күкірт экспорттады. Бұл Қазақстанның теңіз жобаларын дамытудың бастамасы ғана.

Конференцияның соңында консорциумның бірқатар басшылары, жауапты қызметкерлері, жоба ардагерлері «Қазақстанның мұнайгаз саласының еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстанның мұнайгаз саласын дамытқаны үшін» медалімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

29 тамызда Солтүстік Каспий жобасының 25 жылдығын тойлау «Қашаған дауысы» вокалды орындаушылардың музыкалық конкурсымен жалғасады. Іс-шара Н.Жантөрин атындағы филармонияда өтеді. Сол күні кешке Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда  Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін ойын-сауық бағдарламасы басталады. Көрермендердің назарына сурет салудан шеберлік кластары, көше би топтарының өнерлері ұсынылады. Сонымен қатар «Бешикташ» ФК футбол шеберлігі бойынша шеберлік кластары өтеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0