пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Шымкентте тауар өндірушілердің әлеуеттін арттыруға бағытталған жиын өтті

Қазақстан экономикасының қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Осы саланы күшейтіп, аяққа тұрғызып алмай бәсекеге қабілетті елдердің сапына ену қиынның қиыны. Содан да болар, жыл сайын үкімет тарапынан орта бизнеспен айналысамын деушілерге, оның ішінде дайын өнім өндірушілеріне ерекше жағдайлар жасалып келеді.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға қарамастан тауар өндірушілер қатары елімізде әлде де болса өте аз. Нарықтағы өнімнің көпшілігі сырттан тасымалданады. Бұл мәселе бүгін Шымкентте өткен «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» атты бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу барысында кеңінен талқыланды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, стратегиялық бастамалар орталығы, «Атамекен» ҰКП және экономикалық зерттеулер орталығының басшылары, жергілікті кәсіпкерлер қатысып, ел экономикасындағы өзекті жағдайларды шешудің жолдарын сөз етті.

Отандық кәсіпкерлердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі талқыланған жиын бизнес-инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияларды дамыту және қаржыландыруға қолжетімділік тақырыбында еркін пікір алмасу форматында өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин өз баяндамасында бәсекеге қабілеттілік – бұл тұрақты дамудың кілті екенін айтып өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Тұрлыбековтың айтуынша, Қазақстанның жалпы бәскеге қабілеттілігін арттыру бойынша талдау жұмыстар жүргізілуде. Түрлі салалардағы субсидиялар, мемлекеттің бизнестің дамуына жасап жатқан әр түрлі шаралары бойынша терең талдаулар жасалған. Делегация ақпан айында да кәсіпкерліктің және бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін талқылаған еді.

Бизнеске қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша Б.Тұрлыбеков, инфрақұрылымды арттыру, бәсекелестікті арттыру және инновацияларды дамыту бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Құралбай Бұқарбаев баяндама жасады. Жиын соңында жергілікті кәсіпкерлер көкейіндегі сауалдарын қойып, жауап алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0