четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Мәжіліс депутаттары Шымкенттегі кәсіпкерлердің жағдайымен танысты

Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Парламент Мәжілісінің депуттары, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дюсембинов, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сапар басында делегация мүшелері Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттер үйіне барып, жатақхананың құрылысымен танысты. Бұл жатақхана 500 студентке арналған.

Республикалық кеңестің өкілдері бұдан кейін «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына барады. Қазақстанда алғаш рет «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін Шымкент әкімдігі фронт-офис ашты. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламалары аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.

Тақырыптың жалғасы бойынша республикалық кеңестің мүшелері Ақжайық шағынауданындағы үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға сегіз үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жарты жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша, тамыз айының ортасында Шымкент қаласында 662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті.

– Елбасының бірінші бастамасының аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдарлама бойынша жұмысты күшейтуі керек, – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Келесі кезекте делегация мүшелері «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастама шеңберінде Нұртас шағынауданында орналасқан «СыдықовТ.К.» жылыжай кәсіпорнының базасында болды. Кәсіпорынның иесі Талғат Сыдықов мемлекеттік қаржылай көмек есебінен төмен пайыздық несие түрінде 5 миллион теңге көлемінде өз бизнесінің өндірістік қуаттарын кеңейте алды.

Күннің екінші жартысында делегация мүшелері Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасының директоры мен өзге де өңірдегі белсенді кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру қарқыны талқыланды, сонымен қатар микрокредиттің кеңеюіне, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және Шымкентте өнімді жұмысқа орналасуға ерекше назар аударылды.

Осы тақырып республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерімен қалалық әкімдіктің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауға арналған жұмыс кездесуінде ерекше талқылау тақырыбы болды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай қатысты.

Жергілікті мемлекеттік органдарының жауапты өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен кездесу барысында Елбасының өзге де бастамалынын жүзеге асырудың серпіні мен перспективалары, оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қаралды.

– Аймақтарға жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға жан-жақты талдау жасалатын болады, оның қорытындылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0