четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жаңа балабақша салынды

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында елімізде жыл сайын ондаған әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп жатыр. Яғни, кәсіпкер нысан құрылысын толықтай өз мойнына алады, ал, мемлекет оны салық түрлерінен босатып, инженерлік желілер тартып береді. Ал, мұның игілігін ең алдымен халық көруде.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы кезекті нысан Шымкент қаласындағы Шағын Самал шағынауданында бой көтеріп отыр. «Лилия» балабақшасы 100 балаға шақталған, қазіргі таңда мұндағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Жолдама алған балалар үшін төлемақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген. Балабақшада 4 топ бар. Ұжымның ұстанған негізгі бағыты - бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулу.

Мұнда заманауи сауықтыру әдістері жан-жақты ойластырылған. Балалардың дене шынықтыру шараларына белсенді қатысуға мүмкіндік бар. Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша сабақтар өтіледі.

Айта кетейік, 2018 жылы Шымкенттегі мектепке дейінгі 459 мекемеде 69 764 бала білім алады. 88 балабақша мемлекеттік меншікте. Онда 24 261 бүлдіршін тәрбиеленуде, мектеп жанынан ашылған 20 шағын орталықта - 1070 бала, жекеменшік 351 балабақшада 32 572 бүлдіршін бар. Мектепке дейінгі білім беру топтарында (5-6 жас) 11 861 бала қамтылып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес балабақшаларда 3-6 жасар бүлдіршіндердің 87,9 пайызы (30 546 бала) қамтылған. 2018 жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласына 46 балабақша қажет және олардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынады деп күтілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0