суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Үшінші мегаполисте жаңа көтерме базары ашылады

Шымкент қаласында жаңа көтерме сауда базары іске қосылады. Кіші айналма жолындағы Алматы бағытында бой көтеретін базарды жеке кәсіпкер өз қаржысына салады. Жаңа сауда орталығының аумағы 7 гектар алқапты алады деп жоспарлануда.

Бүгінде құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Сала мамандарының айтуынша жоспар бойынша Бәйдібек би көшесінің бойындағы «Күздеуов» көтерме базары жабылып саудагерлер жаңа базарға көшірілетін болады.

Бұл базар сатушыға да, сатып алушыға де өте ыңғайлы жерде орналасқан. Десе де кәсіпкерлердің жергілікті билікке айтқан өтініштері жарық, су, кәріз жүйесін жеткізіп берсе дейді.

Бұл базар негізінен көтерме көкөніс саудасына арналған. Ал екі қабатты ғимаратта азық түліктің түр-түрі де саудаланады деп сендірді кәсіпкерлер. Тек жаңа базарға көлік қатынасын қала басшылығы ойластырса деген тілектерін де жасырмады.

Айта кетейік, бүгінде бір ғана Шымкенттің өзінде ірі 7 базар, орта деңгейлі ондаған сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Жергілікті билік өкілдері жабайы саудамен күресу мақсатында күні кеше «Қырғы базардың» алдындағы саудагерлердің дүңгіршіктерін бұзған болатын. Оларға дәл сол базардың ішінен және қаладағы өзге ірі сауда орталықтарынан тегін орындар ұсынылды. Сонымен қатар, аталған саудагерлер жаңа орынға көшкеннен кейін 1 ай бойына ешбір салық төлемейді. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов айтқан болатын.

«Ретсіз саудаға байланысты жұмыстардың соңғы 4-5 жылдан бері жүріп жатқанын айттық. Бұл – тек Әл Фараби ауданы бойынша емес, тұтас қала көлемінде қолға алынған шара. Бұл жауапты қызметке мен келмей тұрып-ақ қаладағы 8 базар басшысымен аудан әкімі аппараты меморандум түзген. Меморандум аудан көлемінде ретсіз сауда орындарын жою, қала көшелеріндегі санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында түзілді. Осыған орай әр базар иесі бос орындар ұсынып, мейлінше жеңілдіктер ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Алаш» базары жеміс-жидек сатуға 12, басқа тауарларға 35 орын ұсынды. Меморандум аясында сатушыларға «Айна» базары – 45, «Бекжан» базары – 4000, «Әсел» базары – 160-тан астам, «Автонұр» базары – 50, «Самал» базары – 52 бос орын ұсынса, «Акбар» базарының басшысы Б.Акбаров таяу күндері 60 кәсіпкерге өз ісін дамытуға орын табылатынын және 180 адамды осы салада жұмыспен қамту мүмкіндігі барын айтқан. Қазір «Акбар» базарында құрылыс жүріп жатыр. Ал тағы да басқа жеңілдіктер қарастыруға базар басшылығы құқылы», - деп сөзін түйді Ғ.Мәуленқұлов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0