+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.09.2018 в 19:30

Қырымбек Көшербаев қызылордалық мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қырымбек Көшербаев қызылордалық мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін мұнай құрайтындықтан, бұл мерекенің ерекше екенін атап өтті.

«Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылында мұнай-газ саласы Елбасы қолдауының арқасында ел экономикасының көшбасында тұр. Мемлекет басшысының тікелей ықпалымен «Шеврон», «Эксон Мобил»,  «Коноко Филипс», «Аджип», «Бритиш газ», CNPC, «Митталл инвестмент» және басқа да компаниялармен ынтымақтастық орнатылды. Аймақта мұнай өнеркәсібін дамытудың бастамасы Құмкөл кен орнының ашылуы болды. Соңғы 30 жылда мұнай мен газ кластері, соның ішінде мұнайды, ілеспе газды және конденсатты өндіруді ғана емес, сондай-ақ, мұнай өңдейтін зауыттарды, мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды да қалыптастырды»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі төмендеуде, аймақтың көптеген кен орындарының дамуы артта қалуда. Қазіргі жағдайда отандық мұнай өндірудің негізгі қоры өндірілуі  қиын қорлар болып табылатынын атап өтті облыс әкімі.

Мұнай өндіретін кәсіпорындардың алдында тұрған негізгі міндет – игерілетін өнімдік қабаттардан мұнай алу мүмкіндігін барынша арттыру. Бұл өндірілген шикізат көлемін ұлғайтуға бағытталған заманауи құрылғылар мен ең озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

«Аймақтың экономикасын әртараптандыру мақсатында металлургия, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп кешені, шағын бизнес және туризм салаларын дамытудамыз. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 65% -ға, республика бойынша - 9,1% -ға өсті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 2017 жылы 68% -ға өсті, ал жалпы өңірлік өнім құрылымында өндіріс үлесі 5 жылда 2 есеге артты», — деді аймақ басшысы.

Аймақтағы мұнай-газ саласының үздік қызметкерлері марапатталып, іс-шара мерекелік-концерттік бағдарламамен жалғасты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика