четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Үндістанның «Venky's» компаниясы Шымкентте құс шаруашылығын дамытуды қолға алмақ

Қазір әлемде «Venky's» деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр.  Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады.Аталған компания Шымкент пен Түркістанда да құс шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Venky's» өкілдерінің Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде айтылды.

Үндістандық кәсіпкерлер «Шымкент құс» және «Ордабасы құс» ЖШС-мен бірлесе ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Атап айтқанда, шымкенттіктер мен облыс тұрғындарын жеткілікті деңгейде жұмыртқамен және тауық етімен қамтамасыз етіп, тағы біраз өнімді экспорттамақшы.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев болса шетелдік инвесторларға барлық жағдайдың жасалатынын, әкімшілік кедергілердің болмайтынын айтып, өңірге инвестиция құюға шақырды.

«Түркістан облысы Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Өңірден Батыс Еуропа – Батыс Қытай Қытай магистралі өтеді. Жұмыс күші көп әрі табиғаты шаруашылыққа қолайлы. Бірнеше құс фабрикасы бар. Біз әкімдік тарапынан құс шаруашылығын дамытып, кластер құруға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Егер инвесторлар келетін болса, жер және инфрақұрылым мәселесіне де көмек көрсетіледі. Екіжақты жобалар Үндістанға да, Қазақстанға да пайдалы болады деп ойлаймын. Бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз», — деді Жансейіт Түймебаев.

Инвестордың айтуынша, компания 1971 жылы құрылған. Тек Үндістанда ғана емес, АҚШ және Еуропа елдерінде бірлескен кәсіпорындары мен жобалары бар. Қазір әлемде «Venky's» деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр.  Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады. Осы деректерге тоқталған үндістандық компания басшысы келіссөздер сәтті аяқталса, Түркістан облысы мен Шымкентте жұмыс бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0