вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-3oC
×

Шымкентте кәсіпкерлер 30 мектеп салуға көмектесетін болды

Шымкентте жыл сайын 24 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа қабылданады. Сондықтан алып шаһарда әрбір оқу жылында 20 мың балаға арналған білім ұялары салынуға тиіс. Бұл мәселелер бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясында сөз болды.

Мектеп тапшылығы мәселесін қараған сессияда қала басшылығы әр жылы 15-ке жуық білім ұясы салынатынын атап өтті. Өйткені, білім ошақтарын дер кезінде көбейтпесе, үш ауысымды оқу жүйесі жалғаса бермек.

«Үш ауысымды білімнің мәселесін шешу үшін жаңа мектептер салу керек. Қазір 12 білім ұясының жобалық сметалық құжаты дайын. Оған қаржыны республикадан сұратып отырмыз. Ол мәселе де шешімін тауып жатыр. Сол 12 мектептің 10-на республикадан қаржы бөлінсе, екеуіне қала қазынасынан ақша қарастырылады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлермен тағы 30 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Осында отырған депутаттардың арасында кәсіпкерлер бар, мен сіздерді соған атсалысуға шақырамын», ― деді сессияда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, Шымкент қаласы биыл облыстан бөлініп шығып, республикалық деңгейдегі қала мәртебесін алды. Бүгінде шаһар халқының саны миллионнан асады және бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді. Қалада күніне шамамен 20 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл дегеніңіз жақын болашақта қаладағы мектептерде балалардың сыйымдылығы мәселесі үлкен проблемаға айналады деген сөз. Мәселен, жыл сайын Шымкент мектептерін 8 мың түлек бітіріп шықса, 22 мыңдай бала әр жылы 1-сынып табалдырығын аттайды. Яғни, жаңа 14 мың орын қажет етеді. Сондықтан, қала әкімдігі салынатын мектептер саны мен сапасын қоса арттыруды жоспарлап отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0