суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Шымкентте «Agri Tek Shymkent 2018» ауылшаруашылық көрмесі өтеді

Биыл қараша айының 21-23-і күндері Шымкенттегі «Көрме орталығында» VII халықаралық «Agri Tek Shymkent 2018» ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның биылғы жылғы ерекшеліктері көп.

Көрмеге тек елімізден ғана емес, шетелдік компаниялар да көптеп қатыспақ. Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Испаниядан ауыл шаруашылық техникалары, қосалқы бөлшектер, құрылғылар, тамшылатып суғару құырлығылары және тыңайытқыштар, жылыжай, тұқым, көшет, өсімдіктерді қорғауға арналған дәрі дәрмектер, мал шаруашылығына арналған технологиялар көрмеге қойылмақ.

Көрмені халықаралық TNT Productions, LLC (АҚШ) көрме компаниясы және оның қазақстандық серіктесі «TNT EXPO» ЖШС-і ұйымдастырғалы отыр.

Көрмені өткізуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро», Қазақстан фермерлер одағы, Қазақстан құс шаруашылығы одағы, Қазақстан жылыжай ассоциациясы қолдау білдіріп отыр. Ал көрменің серіктесі «ҚазАгроФинанс» АҚ-ы. Көрмеге қатысуға ниет білдіргендер алдымен арнайы веб-сайтта тіркеліп, бейдж алуы тиіс.

Айта кетейік, Түркістан облысы республикадағы ауыл шаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылының жыл сайын жиналатын көлемі 1 млн тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87% осы оңтүстік өңірінде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемінің – 100%, жүзім мен бақша дақылдарының 70% жинайды.

Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін ескерсек, аталған көрменің маңызы тек Шымкент үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де өте зор. Көрмені өткізу арқылы еліміздің шаруалары жаңа ауылшаруашылық техникаларына қол жеткізіп, барынша аз шығын шығарып, мол табыс табуға мүмкіндік алады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0