Шымкентте дәстүрге айналған кілемдер жәрмеңкесі басталды. Шаһардағы «Көрме» орталығында бүгінде сауда қыз-қыз қайнап жатыр. Онда еліміздегі ең үздік «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы мен қоса Түркия, Иран, Бельгияның тауарлары да қойылған.
Жәрмеңкеде бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан саудаланып жатқан тоқыма өнімдерінің 2 мыңға жуығын табуға болады.
Мінсіз сапа, қолайлы баға. Жәрмеңке биыл үшінші мегаполисте үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Көрмеге келген жұрттың қарасы қалың. Арзандатылған бағада кілем сатып алуға асыққандардың бірі Зүлфия Абылова. Қонақ бөлмесіне төсеніш іздеген кейіпкеріміз көздің жауын алған өнімдердің ішінен өз таңдауын жасады.
«Арзан бағада сатып жатыр. Кез-келген бөлмеге таңдап ала аласыз. Бағасы да сапасы да жақсы..» ― деді ол.
Өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика бүгінде отандық нарыққа ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де тауар жөнелтеді. Сапа мен тауар ассортиментіне аса көңіл бөлетін кәсіпорын өнімдеріне жылдан-жылға шет елдерден тапсырыс көлемі артуда.
Жәрмеңкеден Иран, Бельгия, Түркиядан әкелінген тоқыма өнімдерінің де түр-түрін де табуға болады. Бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан дейді ұйымдастырушылар.
«Жәрмеңкедегі кілемдер нарықтағыдан 20-30 пайызға арзан сатылып жатыр. Қазір біз шикізатты өзіміз өндіріп жатырмыз. Бұл тауардың өзіндік құнына айтарлықтай әсер етуде. Біздің тауарлардың бағасы қазір 20 пайызға дейін арзандады», ― деді «Бал текстиль» ЖШС-нің директоры Талғат Ысқақов.
Жәрмеңке аясында лоторея ойындары да ұйымдастырылуда. Осылайша клиенттерге сый-сыяпат көрсеткен ұйымдастырушылар ұтысқа түрлі кілемшелер мен төсеніш бұйымдарын қойып отыр. Жәрмеңке таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Шара қазан айының 21-не дейін жалғасады. Ендеше мүмкіндікті мүлт жібермей сапалы кілемдерді қолжетімді бағамен сатып алуға асығыңыз.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:204-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:35Водолаз спас идущую ко дну женщину в Каспийском море30.01.2023, 00:15Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45
-
06:00Прогноз погоды в Казахстане на 31 января05:00Секретный туннель обнаружили полицейские в Акмолинской области03:00В Казахстане легализовано почти 7000 авто с иностранными номерами00:00Три микрорайона в Шымкенте могут уйти под воду