+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.10.2018 в 17:49

«Қазпошта» шымкенттіктерге арнап цифрлық кеңсе ашып берді

Төлемдер және аударымдар, хаттар және сәлемдемелерді енді 2-3 минутта жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Шымкентте ашылған «Қазпошта» АҚ-ның цифрлық кеңсесі пошта қызметтерін қарапайым азаматтарға барынша қолжетімді, цифрлық түрде алуға жағдай жасап отыр. Бұл – елімізде ашылған 7- цифрлық кеңсе.

«Қазпошта» шымкенттіктерге арнап цифрлық кеңсе ашып берді Фото: BNews.kz

Елімізде «Қазпоштаның» қызметіне 25 жыл толып отыр. Осыған орай акционерлік қоғам бірқатар игі істерді қолға алды. Соның бірі – цифрлық кеңселер ашу. Бүгінге дейін елімізде Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанайда жаңа цифрлық технологиямен жасақталған цифрлық кеңселер жұмыс істей бастады.

Мұндай жаңа қызмет түрі Шымкентте де жұмысын бастады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кеңсенің мүмкіндігімен танысып, жобаны қолға алған азаматтарға алғыс айтты. 

Мұнда пошта қызметтерінің барлық түрі цифрлық жүйеде көрсетіледі. Гибридті банкомат, поштамат, төлем терминалы, электронды қызметтер жұмыс істейді. Онда тек қана 2 кеңесші ғана азаматтарға көмек көрсетеді. Қалған қызметтердің барлығы автоматтандырылған. Барлық төлемдер, сәлем-сауқат жіберу, алу барлығы цифрлық түрде, 2-3 минуттың ішінде жасауға болады.
«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, бұл жерге келген азаматтар кезек күтіп әуреге түспейді. 

«Біздің басты мақсатымыз – азаматтарға цифрлық технология бойынша қызмет көрсету. Мәселен, біздегі кез келген бөлімшеде 20 адам жұмыс істейді. Ал мұнда тек 2 кеңесші бар. Басқа қызметтердің бәрін автоматтандырылған роботтар атқарады. Екі қызметкер арнайы оқудан өткен. Оған қоса бөлімге келген азаматтар өздерінің цифрлық сауаттылығын көтереді. «Қазпоштаның» 25 жылдығын біз осылай атап өтуді жөн көрдік. Цифрлық кеңселер ашудан бөлек 9 қазан – дүниежүзілік пошта күнінде Қазақстан бойынша 2500 ағаш отырғыздық», – дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы.

Айта кетсек, алдағы уақыта «Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе бірқатар цифрлық жобаларды іске асырмақ.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика