вторник, 5 июля, 2022
icon
464.16
icon
484.68
icon
8.42
Алматы:
icon
18oC
Нур-Султан:
icon
14oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz
KazTimes Редактор
29 октября, 2018, 13:04

Қызылордалық балуан Әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Халықаралық жарыста қызылордалық балуан,  облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің  шәкірті Айдос Сұлтанғали  грек-рим күресінен  сынға түсті. Мықтылар бас қосқан бәсекеде жерлесіміз қола медальді иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады.  Жалпы жарыста айтулы спорт түрінен Қазақстан құрамасынан екі спортшы ғана қола жүлдені еншіледі. Біреуі біздің жерлесіміз - Айдос Сұлтанғали болса, екіншісі  - шымкенттік Мейіржан Шермаханбет.

60 келі салмақта боз кілемге шыққан Айдос бірінші белдесуде Украина спортшысын 6:1 есебімен ұтса, одан кейінгі кездесулерде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері,  Азия ойындарының чемпионы, жапониялық балуанды 7:5, Әлем чемпионы, 5-ші жабық Азия ойындарының жеңімпазы қырғыз спортшысын 9:0 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Тек жартылай финалда ресейлік балуанға есе жіберіп қойды. Қола медаль үшін болған кездесуде Солтүстік кореялық қарсыласынан айласын асырып, үшінші орынға ие болды.

Облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен ересектер арасында Ермек Көкетов Әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, оның жетістігін ізбасары Айдос қайталады. Қазіргі таңда облыстың барлық аудандарында  күрес түрлерінен секциялар жұмыс жасайды. Айтулы спорт түрімен өңірде 3000-нан аса спортшы айналысады. Спортшылардың осы спорт түрлерімен айналысуға күрес түрлерімен  спортшылар көптеп шұғылданатын Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылдарында жаңадан спорт кешендері салынып, балуандарға мүмкіндіктер жасалды.

«Мықтылар бас қосқан жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салдым. Жалпы Әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы Польшаның Быдгощ қаласында жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үшінші орынды алған болатынмын. Биыл ересектер арасында алғаш рет бағымды сынадым. Бұл жолы еншіме қола медаль бұйырды. Бұл жеңісімді туған жерім – Қызылорда қаласының 200 жылдығына арнаймын», — дейді Айдос Сұлтанғали.

Енді қызылордалық балуан келесі жылы Астана қаласында грек-рим күресінен өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Айта кетейік, бұған дейін А.Сұлтанғали 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және Әлем  чемпионатының қола жүлдегері атағын иеленген болатын.

Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
09:37
Количество пассажиров в Алаколь увеличилось на треть Количество пассажиров в Алаколь увеличилось на треть
09:22
Доллар подорожал в обменных пунктах Казахстана Доллар подорожал в обменных пунктах Казахстана
09:07
«Байден, Джонсон и Макрон высказались»: Нурлан Сабуров жестко пошутил о хейте после концертов в США «Байден, Джонсон и Макрон высказались»: Нурлан Сабуров жестко пошутил о хейте после концертов в США
08:54
Нападения акул в Хургаде не напугали казахстанских туристов Нападения акул в Хургаде не напугали казахстанских туристов
08:21
Опубликован список вузов, получивших гранты акима Нур-Султана Опубликован список вузов, получивших гранты акима Нур-Султана
07:56
Шесть человек погибли во время стрельбы в США: Предполагаемый убийца взят под стражу Шесть человек погибли во время стрельбы в США: Предполагаемый убийца взят под стражу
07:22
Пожар бушевал всю ночь на Алаколе: Cгорели четыре базы отдыха, cемеро пострадали Пожар бушевал всю ночь на Алаколе: Cгорели четыре базы отдыха, cемеро пострадали
06:27
«Мен де адаммын. Жалғызсыраймын...»: Күйеуінен айырылған Әлия Телебарысова жан сырын ақтарды «Мен де адаммын. Жалғызсыраймын...»: Күйеуінен айырылған Әлия Телебарысова жан сырын ақтарды
05:51
На всей территории Казахстана 5 июля пройдут дожди На всей территории Казахстана 5 июля пройдут дожди
01:39
Звезда турецких сериалов «Чукур» и «Великолепный век» приедет в Нур-Султан Звезда турецких сериалов «Чукур» и «Великолепный век» приедет в Нур-Султан
01:14
На Алаколе горят зоны отдыха: Очевидцы сняли видео На Алаколе горят зоны отдыха: Очевидцы сняли видео
01:03
Кандасы испытывают трудности с документами из-за незнающих казахский язык делопроизводителей Кандасы испытывают трудности с документами из-за незнающих казахский язык делопроизводителей
00:26
Астанчане с пяти утра занимают очереди для поступления в школу Binom Астанчане с пяти утра занимают очереди для поступления в школу Binom
Смотреть все
Читайте также: Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения