суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Шымкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті

Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасында туризм саласындағы байланыс жанданып келеді. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы визасыз режим барыс-келісті жақсартты. Енді қолға алынған бірлескен туристік бағыттар саяхатшылар санының артуына септігін тигізбек. Бұл жөнінде Қазақстандағы Өзбекстанның жылының жабылуына орай Шымкентте өткен бизнес-форумда айтылды.

Фото взято с сайта 24.kz
Фото взято с сайта 24.kz

Шымкенттегі іс-шараға ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Дүниежүзілік туристік ұйымының Жібек жолын дамыту жобасының жетекшісі (ЮНВТО) Алла Пересолова және т.б. Жібек жолы мемлекеттері бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда қос мемлекеттің 50-ден астам туристік агенттігі бірлесіп жұмыс істеуде. Олар «Жібек жолы» жобасын жүзеге асырады. Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан туризмді бірлесіп дамытуды биылдың басында қолға алған еді. Ол үшін наурызда қос мемлекеттің мамандары бірнеше рет кездесіп, қажетті келісімдерге қол жеткізген болатын. Соның нәтижесінде қазір екі елдің туристік агенттіктері шетелден келген туристерді таңдауына қарай Қазақстан мен Өзбекстанға бірдей қыдырта алады.

Форумға қатысушылар панельдік сессияларда Жібек жолы елдерінің өзара серіктестігі, соның ішінде Орталық Азия аймағының Ресей мен Еуропа елдері нарықтарында турөнімдерді насихаттау мəселелерін талқылады. Сондай-ақ осы форумның қорытынды бөлімінде Жібек жолы бойынша Жаңа трансшекаралық тур таныстырылды. Оның бағыты Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тəжікстан арасын жалғастырады.

Форум шеңберінде «Ұлы Жібек жолы бойымен» фотокөрмесі де ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның кəсіби суретшілері қатысты. Қонақтар жергілікті халықтың бай мәдениеті мен тұрмыстық ерекшелігін, жанға жайлы демалыс орындары мен Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің табиғаты бейнеленген суреттерді тамашалады. Жиында қос елдің туризм саласындағы мамандары өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта тығыз байланыс орнатуға уағдаласты. Сонымен қатар, форум аясында Шымкенттегі «Ұлытау» тойханасының алаңқайында «Өзбек тағамдарының фестивалі» ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент пен Ташкент қалалары арасында саяхатшыларды тасымалдайтын тікелей автобус қатынайды. Көршілерді, әсіресе, зиярат, сауықтыру, эко және экстремалды туризм қызықтыруда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0