пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Шымкент донор қалаға айналады

Алдағы сегіз жылда Шымкент донор қалаға айналуы мүмкін. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов осылай деді. Бүгінде Түркістан және Шымкент қалалары республикалық бюджеттен субвенция алып отыр.

Фото взято с сайта sputniknews.kz
Фото взято с сайта sputniknews.kz

Болжам бойынша алдағы 8-15 жылда Шымкент қаласы дотациялық өңірден донор шаһар деңгейіне дейін өседі. Министрдің бірінші орынбасары Шымкентте 2020 жылдан бастап жер салығы өсетінін мәлім етті. Қазір 2024 жылға дейін Түркістан облысын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатқан көрінеді. 115 іс-шарадан тұратын ауқымды жоспарды орындауға 870 млрд теңге бөлінбек.

«Заңда кейбір сұрақтарға нақты жауап байқалмайды. Сол себептен мына Шымкент және Түркістан қалаларының дамытудың бас және егжей-тегжейлі жоспарлары қайта қарала ма? Жаңа мәртебесіне байланысты шекарасы өзгереді ме?» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

Руслан Дәленов болса Шымкенттің де, Түркістанның да мәртебесін өсіру үшін арнайы жоспарлардың түзілетінін айтып, болашақта Шымкенттің донор қалаға айналатынын сеніммен жеткізді.

«Әрине өзгерістер бар. Шымкент және Түркістан қалаларының мәртебелері көтерілді. Енді Түркістан қаласы бойынша жаңа бас жоспар әзірленуде. Шымкент қаласы бойынша қолданыстағы бас жоспар түзетіледі. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының шекарасы Үкімет қаулысымен бекітілген. Түркістан қаласынан 12 аудандық окуруг Кентау қаласына берілді», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық қала мәртебесіне ие болып, облыстан бөлініп шыққан еді. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының атауы өзгеріп, оның орталығы ретінде Түркістан қаласы таңдалып алынды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0