пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде өсу бар

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіші бойынша жыл басынан бергі 10 айда өсім байқалады. Бұл туралы шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Фото взято с сайта varandej - LiveJournal
Фото взято с сайта varandej - LiveJournal

Шымкенттің даму көрсеткішінің әлеуетін анықтау үшін Орта Азиядағы ірі қалалардағы жағдайға талдау жасалған. Анық болғаны – орташа жалақы бойынша да Шымкент қаласының көрсеткіші Ташкент, Бішкек, Душанбе және Ашхабад қалаларынан жоғары. Мысалы, Шымкенттің жалпы өңірлік өнім көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Жалпы, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіші бойынша жыл басынан бергі 10 айда өсім байқалады, деді әкім. Атап айтқанда өнеркәсіп көлемі 383 млрд 600 млн теңгеге жетіп, 104 пайызға өсті. Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, Шымкентке құйылған инвестиция көлемі 24 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артты. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент республикада бірінші орында келеді.

Сондай-ақ, қала әкімі 29 желтоқсаннан бастап Шымкент және Дубай қалалары арасында тікелей әуе рейсі ашылатынын да айтты. Бұл бағытта «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары аптасына 2 рет қатынайды. Ғабидолла Әбдірахымов бұған қоса «Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион УЕФА талаптарына сай болады» деп мәлімдеді.

– Биыл Шымкенттің «Ордабасы» командасы футболдан Қазақстан чемпионатында 4-орын алды. Соның нәтижесінде біздің футболшылар Европа лигасының келесі маусымында өнер көрсетеді. Осыған орай біз қаладағы орталық стадионды толық жөндеуден өткіземіз. Қазір словакиялық компаниясымен келісім-шарт жасап жатырмыз. Бұл жұмыстар алдағы 1,5 жылда аяқталады деп жоспарлануда, - деді әкім.

Ал, 2020 жылға қарай Шымкенттегі ескі қалашықта музей бой көтермек. Шымкенттің тарихын сақтауды мақсат тұтқан әкімдік көне қалашық аумағындағы цитадельді сақтап қалмақ. Қазір мұнда екі жылдан бері қазба жұмыстары жүргізілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0