пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Alageum Electric АҚ Шымкенттегі индустриалды аймаққа жаңа зауыт салады

Қазақстандық трансформатор өндіруші Alageum Electric АҚ Шымкенттегіиндустриалдыаймақтаірікәсіпорынсалудыжоспарлапотыр. Компания сондай-ақ, өзге де мега-жобалармен айналыспақ. Бұл үшін компания басшылары KEGOC-пен офтейк-келісімшартқа (әлі өндірілмеген тауарды сатып алу туралы келісім) қол қоймақшы. Бұл туралы Астанада өткен энергетиктер форумында компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов БАҚ өкілдеріне айтып берді.

Фото взято с сайта Alageum Electric
Фото взято с сайта Alageum Electric

«Биыл Шымкентте, «Тассай индустриялық аймағында жаңа өндірісті іске қоспақшымыз. Онда 220-250 кВ кернеулі қуаттық трансформаторлар өндірілетін болады. Негізгі тұтынушымыз, әрине, KEGOC. Қазір импортты алмастыру бағдарламасы мен «Самұрық-Қазына» бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді ашу бойынша офтейк-келісімшарттарға қол қою деген түсінік бар. Қазір алғашқы болып «Самұрық-Қазына» атынан әрекет етуші KEGOC компаниясы ниет білдіріп отыр, сондай-ақ ҰКП-дан жақсы қолдау бар», – деді ол.

«Офтейк-келісімшарттың ыңғайлы жағы сол, біз бір жағынан қандай нысандар, қуаттық трансформаторлар, көлік трансформаторлары және реакторлар секілді қондырғылар қанша көлемде жеткізілуге тиіс екенін бір-үш жылымызды алдын ала біліп отырамыз. Енді келесі қадам «Самұрық» тарапынан жасалатын болады. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго» секілді өзге еншілес кәсіпорындарымен келісімшартқа қол қойылмақшы. Аталған еншілес кәсіпорындарда да қызығушылық танытуда. KEGOC-пен жасалған соң келесі кезекте жоғарыда аталған компаниялармен жасайтын боламыз. Қазір KEGOC-пен офтейк-келісімшарттың көлемін 2022 жылға дейін төрт миллиард теңге деп жоспарлап отырмыз. Бұл реактордың төрт түрі, олар шынымен де өте күрделі, 500 киловаттқа шақталған, Қазақстанда ешқашан шығарылған емес», – деп түсіндірді Ілиясов.

Ресейдің НЛМК тобына жататын «ВИЗ-Сталь» зауытынан жеткізілетін трансформаторлық болаттың бағасы жөнінде келіссөздер туралы тілге тиек еткен Еркебұлан Ілиясов мәселе шешімін тауып келе жатқанын айтты.

«Егер келісімге келе алсақ, бір-бірімізге талабымыз жоқ екенін ресми мәлімдейтін боламыз. Олар өздеріндегі баға саясатын реттеді, және дәл қазақстандық сатып алушылардың немесе ЕАЭО аясындағы өзге клиенттердің құқығын шектеу болмайды деп ойлаймын», – деп атап өтті ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0