суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА әлемдегі үздік инвестициялық алаңдардың бірі деп танылды

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ әлемдегі үздік инвестициялық алаңдардың қатарына енді. Бұл туралы «FINANCIAL TIMES» газетінде жарияланды.

Фото взято с сайта Kapital.kz
Фото взято с сайта Kapital.kz

Атақты басылымның еншілес «FDi Magazine» халықаралық журналы «Арнайы экономикалық аймақтар-2018» рейтингіне сүйеніп, өңірдегі алаңды 6 номинация бойынша әлемдегі үздік бизнес-платформа деп атаған. Журнал сарапшылары - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясын тікелей шетелдік инвестиция тартуға, резидент кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнатуға, өндіріс көлемін арттыруға, экспорт аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлгендігін ескерген. Сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бағыттарындағы жүргізілген жұмыс нәтижелерін жоғары бағалаған. 

«Ең әлеуеттіарнайы экономикалық аймақдеген атаққа ие болып отырмыз. Одан бөлек тағы да 5 номинация бойынша үздік деп танылдық. FDI рейтингінің мақсаты не және ол бізге не береді? Мәселен, ол біріншіден барлық инвесторлар мен экономистердің назарында, Батыс елдері мен дүние жүзінің сарапшылары сол журналды бақылап отырады. Яғни, көптеген инвестор осы рейтингке қарап, қай елге инвестиция құю керектігін өздері шешіп жатады», - дейді «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Әділет Ғайнуллаұлы.

Айта кетейік, «Оңтүстік» АЭА 2010 жылы Елбасының тапсырмасымен құрылып, өңірдің өндіріс саласын дамытуды мақсат еткен болатын. Биылға дейін экономикалық аймақта 46 жоба жүзеге асқан және 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Оларды жүзеге асыру үшін 21,4 млрд теңге қаражат жұмсалыпты. Бұл ақшаның басым бөлігі – инвестиция. Негізгі мақсат – 55,8 миллиард теңгеге 85 инвестициялық жобаны жүзеге асыру.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0