суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкенттегі МӨЗ еуростандартқа сай өнім шығара бастады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Енді отандық өнім сапасы «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартына сәйкес келеді. Кәсіпорында қара алтын одан да терең өңделетін болады. Зауыт мұндай мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының аясында қол жеткізіп отыр.

Фото взято с сайта Otyrar.kz
Фото взято с сайта Otyrar.kz

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасы аяқталып, изомерлеу қондырғысы қосылғаннан кейін жоғары октанды бензиндерді шығару 100% құрады. Моторларға арналған отындардың сапасы Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық класына жеткізілді. Яғни қазір Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сай жанармай мен дизельді отын шығаруда. Күрделі жөндеудің нәтижесінде бүгінде өндіріс көлемі 1 млн тоннаға артып, 6 млн-ға жетті. Мұнымен шектеліп қана қоймай, жылына 400 мың тонна әуе керосинін де өндіреді.

«Бұл жобаның мақсаты жоғары октанды бензин алу, дизель отынын өндіру, сығымдалған газды мақсатты пайдалану болатын. Қазір жұмыстың барлығы автоматты түрде жолға қойылған. Біздегі мамандар білікті. Цифрлық жүйемен жұмыс жасай біледі. Зауыттың жұмысын жандандыру үшін жаңғырту әрине қажет. Қазір осының арқасында мазуттан жоғары октанды жанар-жағармай шығарудамыз», - дейді ШМӨЗ №3 цех басшысының орынбасары Мұрат Тапбергенов.

Елімізде шығарылатын мұнай өнімдерінің үштен бірі осы зауытқа тиесілі. Ендігі жерде зауыттың барлық өндірістік процестері бір жерден басқарылады.Мұндағы технологиялар сандық жүйеге көшіріліп, операторлар заманауи автоматтандырылған цифрлық жүйені пайдалануда. Жаңғырту аясында мұнда 11 технологиялық қондырғы мен жалпы зауыт шаруашылығының 29 нысаны салынған болатын. 

Жалпы зауытты жаңғыртудан өткізудің ең бірінші ұтымдылығы, кәсіпорыннан шығып жатқан өнімдердің сапасы жоғарылайды. Яғни экологиялық талапқа сай өнім ұсынылады. Сосын мұнай өңдеудің тереңдігі артады. Былайша айтқанда, 1 литр мұнайдан алынатын бензин көлемі көбейеді. Өнімнің ұлғаюы өзіндік құн мен ішкі нарықтағы бағаға да әсер етеді. Және өзгеге тәуелділіктен арылтады. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0