пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Жастарды әлеуметтендіру: Оралда Jas.QZ жобасы қорытындыланды

Жастар жетістікке жетудің формуласын меңгерулері керек. Оның біріншісі, білім болса, екіншісі, біліктілік және белсенділік.

Бұл туралы Оралда Jas.QZ жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым» байқауының қорытындысы кезінде қоғам қайраткері, саясаткер Әміржан Қосанов мәлімдеді.

«Қазір оқимын, үйренемін  деген жастарға барлық жағдай жасалған. Жас ұрпақ білімді болып өсуі керек. Махамбет, Сырым, Қадырдей ұлыларды дүниеге әкелген өңірдің жастары да көштен қалмайтындарына сенімдімін», — деді ол.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырған байқауда облыс аудандары мен қала мектептерінен келген 9-11 сынып оқушылары және ЖОО мен колледж студенттері алты бағыт бойынша бақ сынаған болатын. Үміткерлер ұлттық құндылыққа қатысты салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап берсе, әскери-патриоттық бағытта «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?»  тақырында эссе жазды. Зияткерлік бөлімінің үздіктері математика сабағынан сынақ тапсыру арқылы анықталды. Сондай-ақ жастар ұлттық аспаптарда өнер көрсетіп, шығармашылық бағытта сыналса, спорттық бөлімде қашықтыққа жүгіріп, кермеге тартылудан жарысып, үздіктер анықталды.

Шараға арнайы келген театртанушы, журналист Сәуле Әбединова мұндай шара жастар үшін өте қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі қоғамда  біз әлеуметтік мәселелердің салдарымен күресіп, түпкі себебін ұмыт қалдырып жатамыз, — деді ол. — Тастанды бала мен көкек ананың, алимент төлемейтін безбүйрек әкенің пайда болуы әлеуметтік факторларға байланысты. Жас отбасылардың ажырасуы жиілеп кетті. Оған себеп  материалдық жағдай мен ішкі рухани  үйлесімсіздіктен деп ойлаймын. Әр адам ұрпақ, отбасы алдында жауапкершілікті сезіне білуі керек. Сол себепті жастардың қоғамдағы рөлін арттырып, әлеуметтендіруде осындай жобалардың пайдасы мол».  

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0