вторник, 19 марта 2024 г.
icon
449.3
icon
489.69
icon
4.89
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
-3oC
1xadv
×

Uralsk education: Оралда оқу орындарының жәрмеңкесі өтті

Оралда оқу орындарының жәрмеңкесі өтті. Осымен екінші рет өткізіліп отырған аталмыш шараға биыл БҚО-дағы 21 білім ордасы қатысты. Оның төртеуі - ЖОО.

«Бұл шара талапкерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені облыстағы оқу орындарын бір жерге жинадық. Жастар әрқайсысының өкіліне жеке жолығып, көкейдегі сұрақтарын қойып, қажет мәліметтерін алды деп ойлаймын», — деді бұл шараны ұйымдастырушы Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Зарина Ықсанова.

Шара барысында бозбалалар мен бойжеткендерге оқу орындардың ерекшелігі, көрсетілетін жеңілдіктер, онда мамандықтардың еңбек нарығындағы сұраныс және т.б. туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мәселен, БҚО жоғары аграрлық-техникалық колледжі алдағы оқу жылында 9 және 11-сыныптарды бітірген талапкерлер үшін 11 мамандық бойынша жалпы саны 450 грант ұсынуда. Қазақ және орыс топтарының әрқайсысына 25 студенттен қабылданбақшы. Колледж оқытушысы Манар Шерғалиеваның айтуынша, биылғы ерекшелік сол, республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану, есеп және аудит мамандықтары бойынша арнайы гранттар тағайындалған. Аталмыш грантты иелену үшін ҰБТ немесе басқа да емтихан тапсырудың қажет емес. Бар болғаны талапкердің жасы 24-тен аспауы, қолында орта білімі туралы аттестаты мен қалалық жерде тіркеуі болуы тиіс. Егер басқа мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге 17-18 мың теңге шамасында шәкіртақы қарастырылса, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына арналған республикалық грант бойынша білім алушыларға 30 мың теңге шәкіртақы төленеді.

Оралда оқу орындарының барлығы бір орында жинақталып, талапкерлермен түсінік жұмыстарын жүргізеді дегенді естіген Назерке Сабырова Қазталов ауданына қарасты Көктерек ауылынан арнайы келіпті. «Биыл 9-сыныпты жақсы аяқтадым. Білімімді қаламыздағы колледждердің бірінде архитектура мамандығы бойынша жалғастырғым келеді, – дейді жас талапкер. - Бұл мамандық бойынша білім беретін жоғары оқу орны Орал қаласында болмағандықтан, колледжден кейін еліміздің басқа қаласына барып, білімімді жетілдірмек ойым бар».

Ал таяуда Құрманғазы атындағы саз колледжін бітіген Инабат Мұрадымқызы сырттай жоғары білім алу үшін университеттердің  талаптарымен танысып жүр. Мұндай шара білімін шыңдауды мақсат тұқтқан жастар үшін тиімді деп санайды.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0