+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.07.2019 в 13:12

#Birge #TazaQazaqstan: Тазалық акциясы Қызылорда облысының тұрғындарын біріктірді

Республика деңгейінде бастау алған #Birge#TazaQazaqstan акциясына қызылордалықтар да атсалысты. Қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға, экология мәселесіне көңіл бөлуді мақсат кеткен акцияға Қызылорда облысы әкімдігінің қызметкерлері де белсене араласты.

#Birge #TazaQazaqstan: Тазалық акциясы Қызылорда облысының тұрғындарын біріктірді

1000-ға жуық сала қызметкелері Сырдария өзенінің оң жақ жағалауын қоқыстан тазартып, өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, Шиелі ауданының жұртшылығы да экологиялық акциясына қолдау білдіріп, атсалысты.

Акцияға жиналған азаматтар Бәйгеқұм елді мекені аумағындағы Ханқожа көлінің жағасына және Шиелі кентінде орналасқан «Алтын береке» жағажайына жинақталған қоқыстарды тазартып, арнайы көлікке салып, тиісті аймаққа жеткізді.

Шиелі ауданы әкімі Әшім Оразбекұлы бастаған тазалық шарасына аудан көлеміндегі барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар және жергілікті тұрғындар бірікті.

Айту керек, өткен аптада #Birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын.

Тазалық акциялары жаз маусымы аяқталғанға дейін жалғасады деп жоспарлануда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика