понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

БҚО-да жастарды тарту арқылы су арналарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде

Соңғы жылдары Ақ Жайық өңіріндегі өзен-көлдердің су азаюда. Соған орай жергілікті атқарушы билік жұртшылықты, соның ішінде жастарды тарту арқылы су арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Таяуда осындай шара Қаратөбе ауданында ұйымдастырылды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясы аудан аумағынан өтетін Қалдығайты өзені арнасының тартылуына байланысты қолға алынды. Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан бастаған бір топ жастар Қаракөл ауылдық округі аумағындағы Таян өзенінің бойында құмығып қалған бірнеше бұлақтың көзін ашты.

Алдымен сол жерді жақсы білетін адамдардың айтуымен өзен бойын жағалап шыққан топ алғашқы бұлақ көзіне кезіккенде суы болар-болмас баяу ағып жатты. Қайратты жас жігіттер бұлақ көзін күрекпен тазалап, топырақтарын ала бастағанда-ақ суы өне бастады. Таян өзенінің бойынан табылған төрт бұлақтың суы мұп-мұздай әрі дәмі тіл үйіреді.

«Биылғы Жастар жылына орай ауданымыздың жастары бірқатар түйткілді мәселелерді шешуге бастама көтерген болатын. Соның бірі - «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясы. Бұл шараны қолға алудағы мақсатымыз – жастарды туған жерінің табиғатымен етене таныстыру, оларды қорғауға шақыру. Сонымен қатар аудан аумағындағы бұлақтар санын есепке алу, олардың көздерін ашуды көздедік. Өзеннің тартылып қалмауы үшін жер асты суы және бұлақ суымен молығып, қайта қалпына келуіне барынша күш салуды да міндетімізге алдық. Табылған бұлақтар алғашында қол күшімен тазартылады. Артынан кеңінен тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда ауданымыздағы барлық ауылдық округтегі бұлақ көздері туралы мәліметтер жинадық. Енді осынау бұлақ көздерінің бәрінің көзін ашып, өзен-көлдерімізге жаңа тыныс сыйлауды жоспарлап отырмыз», – дейді Жасұлан Сұлтан.

Айта кетейік, есепке алынған бұлақтар болашақта ауданның электронды картасына енгізілмек. Ал картаға енгізілген бұлақтарды кез келген адам  JPS арқылы оңай тауып алуына мүмкіндік бар.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0