среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызылордада мұнайшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және қазақстандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығымен құттықтады.

Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады», — деп атап өтті.

«Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы 6 жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз», — деді Қ.Ысқақов.

Сарапшылардың айтуынша, өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін одан әрі арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал ететін болады.

«Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған», — дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады.

Өңіріміздің мұнай-газ саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталып, іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Еске салайық, кешке орталық алаңда мұнайшылар күніне арналған гала-концерт өтеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0