пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Жанары сөнсе де жүрегі ояу жастар қолдаусыз қалмайды

Қазақ соқырлар қоғамының БҚО филиалы жанынан «Жалынды жастар» клубы  құрылып, жұмыс жасап келеді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілетін шындауды мақсат тұтқан клуб әртүрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастыруда.  Бүгінгі таңда  клуб мүшелігінде 20-ға жуық өнерлі де белсенді жас бар.  Мәселен, Мержан Мырзашев - жүгіруден мүмкіндігі шектеулі жастар арасында топ жарып жүрген жігіт болса, Гаухар Сақып - жанарынан айырылса да көкірегі ояу, әдебиетке ынтасы өте жоғары жан. Жалпы олардың бәрі де өтізілетін шараларға белсене қатысып, үнемі клуб жұмысымен тығыз байланыста жүреді. БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының қызметкерлері шығармашылыққа жаны құмар жастарға ақын-жазушылардың кітаптарін, баспасөз беттеріне  жарық көрген мақалаларды, ел жаңалықтарын оқып береді.

«Біз жас буынды  кітап оқуға ынталандыру, оқу мәдениетін көтере отырып, көркем әдебиетті насихаттау бағытында да жұмыс істейміз. Сөйтіп  рухани өнегелікті бойына жинақтаған  парасатты азаматтарды қалыптастыруға үлесіміз қоссақ дейміз.

Мүмкіндігі шектеулі жастарға кітапхана қорына жаңадан келген аудиокітаптар да ұсынылады. Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» мемлекттік бағдарламасы аясында алынған заманауи түрлі тифло құралдармен қамкөңіл жастарды таныстыра отырып, олардың техника тілін жетік меңгеріп, сөйтіп уақыт ағымынан қалыс қалмауын да назарымызда ұстаймыз», — «Жалынды жастар» клубынын жетекшісі  Жұлдыз Жұмагұлова.

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғаммен байланыстыруға, кедергісіз орта қалыптастыруға атсалысып келе жатқан клуб биылғы Жастар жылы аясында біраз іс-шаралар атқаруда. Олардың арасында  аудан-ауылдарға шығып, ондағы жанары сөнсе де жүрегі ояу жастарды қолдау бағытында мәдени шаралар да бар. Таяуда сондай шара «Мейрімділік жолымен» атты әлеуметтік жобасы аясында Шыңғырлау ауданында жоғары деңгейде өтті.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0