четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Жас жүректерге ұялаған сенім: Оралдық студенттер президент жолдауын талқыға салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенттері тыңдап, талқыға салды. 

Елдің жаңа даму бағытын бағдарлап, сан салаға қатысты тың міндеттерді  қамтыған Жолдау жастардың да көңіл төріндегісін дөп басты. Соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатыны, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру,  агроөнеркәсіп кешеніне жасалатын қолдау көлемінің ұлаюы  жас жүректерге сенім ұялатты.

«Мемлекет  басшысы экономиканы әртараптандыру қажеттігін, яғни «білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту мәселелері төңірегінде келелі ойлар айтып, тапсырмалар берді. Біздің алдағы басты міндетіміз – Жолдау жүктеген міндеттерді сезіне отырып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларына бәсекеге қабілетті маман даярлау. Студенттеріміз де өздеріне артылып отырған жауапкершілікті сезінеді», — деді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың бірінші проректоры Өтеген Таубаев.

Жиын барысында сөз алған студенттер облыстағы ауыл шаруашылы саласының ресурстары, оның әлеуеті толық пайдалану, суармалы жер көлемін артыру, елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру бағытында өз ойларын ортаға салды.

Атамлыш университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марат Мағжанға Қасым-Жомарт Кемелұлының ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тартуға жете көңіл бөлу қажеттілігі турасындағы ойы ұнаған. Оның сөзіне қарағанда, біраз инвестор облысқа келіп, өңірдің аграрлық әлеуетімен танысуда.  Таяуда Оралда ашылған инвесторларға арналған фронт-кеңсе осынау істерге серпін берері анық.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0